Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QaraKesek feat Bolat - Уайымдама мені [Kz Sound] | Текст песни



Шын айтам, жалықтым, бәлкім сезім жоқ,
Саған жиі қайталайтын жылы сөзім жоқ.
Мен кінәлімін, мен шығармын жүрегіңді таптаған,
Мені айыпта, мен өзімді ақтамайм.
Жылама, себепкер қылмашы жасыңа,
Бақытың мен емеспін, жоқпын қасыңда.
Жүректің дауылы, білмейм, қашан басылады,
Тағдыр тапаншасын оқтап алып атып кетті басымнан.
Ақылдан алжасып барамын, жаным,
Байқадым мінезім алмасып баратқанын.
Оралу, жоқ, қолдан келмейді, мазам қашты,
Кім, кім қолдан демейді, а?
Армандарымыз орындалмайды неге,
Қиялдарымыз өмірден орындалмайды, неге?
Ойың алыста, оған қайт деші,
Кешегі күн келмеске кетті, қайтесің.

Қ-сы: (х2)
Уайымдама мені,
Сол бір өткен күнді.
Алаңсыз өте бер, алыстырып мендегі сезімді.

Бақытсызбын деме, бақыт сені күтеді,
Сенің әрбір айтқан сөздерің жүректен ілуші еді.
Уақыт өтеді, сезім өледі,
Сол кезде айналып келіп еске түсірме өткенді.
Тағдырыммен жанталасып, жеңіліп қалдым сезімнің,
Уайымдама сен мені, кетіп барам өміріңнен.
Артыңа қарама, мен жоқпын, бір елеспін,
Бақытты күн өтті-кетті, айналып енді келмеспін.
Армандарым, қиялдарым, алға қойған мақсаттарым,
Бір күнде талқан болды жүрекке бар жиғандарым.
Сенімен бақыттымын деп ойлап мен қуанғанмын,
Бірақ та қуанышымды ұзаққа сен соза алмадың.
Маған енді керек емес сенің бұл сөздерің,
Жүректі өртеп кеттің, қайғыны да қоса кетіп.
Мен қала бердім міне, жапанда жалғыз өзім,
Енді сен уайымдама, айналып қайта келмеймін.

Қ-сы: (х2)
Уайымдама мені,
Сол бір өткен күнді.
Алаңсыз өте бер, алыстырып мендегі сезімді.

QaraKesek feat Bolat еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1