Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QaraKesek - Ol ketti | Текст песни

Ол кетті

Сені күтіп жүрмін, қанша күн өтті,
Қанша түн өтті, сыйладың түнекті маған.
Ұмыттың ба, жаным, ұмыттың ба мені,
Жылуың керек, ұсындың суықты сен неге маған?
Арманым болып қалдың, солай қаласың ба не,
Ойларым қиял болып қалады неге?
Өзіңде сезімім бар, өзіме қайтарып алғым келеді,
Қайтарып бер!
Өтінем сенен, өзіме қайтарып бер,
Өкінем мен, өткен күн, қайталап кел.
Мен саған қарамайм сол кезде,
Мен сені танымаймын сол кезде, қайта айналып келсең.
Ойланамын, ойымның бәрі – сен,
Бұл не қылған сезім, ойымның бәрі сен?
Неге мен сағынамын әлі сені?

Қ-сы:
Жаныңда болғым келеді, жылынғым келеді,
Өзіңді жүрегіммен сезінем.
Жүрегім өзіңде,
Маған төзім бер.
Армандар қайда қалды, миымды пайдаланды,
Бақытты көрсеттің маған, сосын айдаланы.
Көздерім сені іздейді, неге үміт үзбейді,
Неге түсінбейді?

Сені күт деген жүректі қалайша тыңдамайм,
Көздерім сені іздесе, қалай жыламайм?
Бәрібір бәрі бітті,
Мені күтпе…

Жанға жайлы жайды таба алмай келемін әлі,
Бәлкім, тағдырым бізден өзіне керегін алды.
Сен қаласаң басқаны, қинап ұстамаймын,
Қателік кетсе, кетсін, енді дұрыстамаймын.
Жаныма ауыр болса да, сен салған жарақаттар,
Көргім келсе де көздеріңді сенің қарақаттай.
Төземін, сол үшін жүр менде бас қатып,
Амалым жоқ болғасын, қалдым бәрінен бас тартып.
Амалым болса да, зауқым соқпайды, шаршадым,
Пайда бермеді сабыр сақтағаным және де шаршауым.
Күтейін, айтшы, әлі қанша күн,
Білмеймін, оның құшағында өтті қанша күн, қанша түнің?
Ойлағым да келмейді, маза керек,
Маза беретін қайсы шын сөзің, қай сөзіңді қаза берем?
Арыңды түсінбедім сен өзің таза деген,
Жарайды, тазасың, мен қуып жаза берем.
Бля, иә-иә, сен тазасың…
Дұрыс сенікі…
Жақсы…

QaraKesek еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 5