Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QARAKESEK x ASLAN TORE - ЕСТЕСІҢ #104 | Текст песни

Уақыт уақытпен алмасып, барады таласып,
Ал біз екеуміз қайда кетіп қалдық, а, адасып?
Жолдарымыз шатасып кетті біздің, расымен,
Сен ағып кеткен секілдісің бірге көз жасыңмен.
Өзге бақытқа, ей өзге бағытқа,
Бәрінен көңілің қалып жалғыз күзгі уақытта.
Жаным, күрсініп өзіңді мұңайтуды доғар,
Сенің көңілің, білсең, мен үшін бәрінен жоғары.
Алмасады дүние, нелер келіп, не кетпейді,
Өмір ғой, өмір енді басталды, үміттен.
Үмітің өшпесін, өшірем деп тырыспа,
Сезіне білсең, өзіңді табасың мендік тыныстан.
Жүрек менде де бар, сенде де бар,
Жаралы ма сенікі, әкел, емдеп алам.
Тек маған сен, әрине, сене білсең,
Өмір жылы көрінеді маған, сені көрсем.

Қ-сы:
Аспанмен таласып күлгенің,
Қасымда үндемей жүргенің
Естен кетер емес.
Кетсеңші бір келіп,
Жаныңда қала алмай, өткенге оралмай
Жүрген жанмын жалғанда.
Көз жасыңа қалам ба?

Сен туралы тағы шумақ таптым,
Түн ортасы, ал сен шабытыма шырақ жақтың.
Өшіп қалғанша сағынышымды жеткізгім келеді,
Жүректің айтуынша, оны жеткізу керек.
Жарайды, халің қалай?
Жалпы көп болды сені көрмегелі,
Сенімен сөйлеспегелі.
Бәрі ұмыт болды деуге тілім бармай қалады.
Ұмытпадым, ей, бәлкім, мен осылай қалам,
Сені сезінемін, арамызда шықырым болса да,
Ол маған кедергі емес, оймен жол салам.
Жолым бар саған әрдайым барып-қайтып жүрген,
Ал сен оны білмейсің, ей, білгің келіп жүр ме?
Білгің келсе, сезініп қарашы сағынышды,
Сен дегенде әлі жүрегім алып ұшуда.
Өзгенің бақыты маған арнаған уақытын,
Жүрегіме кел, кір, ей, сонда мен бақыттымын.

Қ-сы:
Аспанмен таласып күлгенің,
Қасымда үндемей жүргенің
Естен кетер емес.
Кетсеңші бір келіп,
Жаныңда қала алмай, өткенге оралмай
Жүрген жанмын жалғанда.
Көз жасыңа қалам ба?

QARAKESEK x ASLAN TORE еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1