Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QARAKESEK x BAGLAN - БОЛМАЙДЫ #80 | Текст песни

Жоқсың мен үшін бұл өмірде,
Жерлеп қойғанмын жүрегімнің түбіріне.
Сол бір сезім...

Мен ойландым, ойларға тоймадым,
Жеткізе алмай қиналдым, ойлай беруге болмайды.
Сен лайық емессің ойымда тұруға,
Кедергі келтірме ойдан жұлуға сені.
Көрінбе көзіме, білінбей жүзе бер,
«Өмір» деген ағысты бойлай, менен алыстасың, алыстай бер.
Жақындауға болмайды!
Бәрі жалған, бәрі жалданып алған
«Тағдыр» деген таласта.

Терезеңнен қарап жүрсің бе мені келеді деп,
Ойланып ақылың кіріп қалыпты, іздеп себептер
Жақындауға жаныма қайтадан.
Жалғыз қалудан қорықсаң, бөлмеңде айқайла.
Есімдегінің бәрі өткенде,
Есімдесің, сен де өте бер.
Менің досым – жалғыздық және сағат тықылы,
Уақыт өтуге құқылы.

Қ-сы:
Жоқсың мен үшін бұл өмірде,
Жерлеп қойғанмын жүрегімнің түбіріне.
Сезімнің екпініне қарсы келді біздік сезім,
Ұмытқам мен алайда, еске түседі баяғы кезім.

Уақыт жараны жазбайды, уақыт жараны тырнайды,
Ұмыту керек дегенім санамнан да қалмайды.
Қиындап кетті бәрі қасымнан сен кеткелі,
Мұндайды көрмедім бақытты сезгелі.
Соңғы хат саған жазып отырмын,
Артық кетсем егер, мені алдын ала кешіргін.
Ал енді мені тыңда хатымды жазып жатқан,
Әуендетіп жазудамын жүректегі шумақтан.
Махаббатты білмесең, өзіңе тартпағын,
Сезімді сезу білсең, маған неге жақындадың?
Мүмкін жай ғана өтірік, жай ғана бетперде,
Бұл хатты жазудамын, сен мені түсінбесең де.

Қ-сы:
Жоқсың мен үшін бұл өмірде,
Жерлеп қойғанмын жүрегімнің түбіріне.
Сезімнің екпініне қарсы келді біздік сезім,
Ұмытқам мен алайда, еске түседі баяғы кезім.
Баяғы кезім, баяғы кезім.
Баяғы кезім, сол бір сезім...

QARAKESEK x BAGLAN еще тексты


Другие названия этого текста
  • QARAKESEK x BAGLAN - БОЛМАЙДЫ #80 (0)
  • Qarakesek x BaGLaN - Болмайды-2016 (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1