Саған сөз қалмады, рас, менде айтар, Менде шабыт жоқ, тек қана жүректегіні айтам. Талай айлар, хы, сені көрмедім, Әлі талай ай өтеді, мүлде көрмеймін, жоқ. Не деймін, бақыт қо баяғы тілейтінім, Періште емессің, тіреп кетті тірейтіні. Күнде түсіріп тұратын сенің есіңе шешеңді Адамың табылды, оның алдында шешін енді. Сен қабылдап қойған шешімің қызықтырмайды, Кездескенде ол сияқты әр жерлеріңді қысып тұрмайм. Кешір, мен сен ішкен арақты іше алмайм, Ол секілді сені мас қылып төсекке күштей алмайм. Қызарып барады көздерім бүгін тағы да, Сен кеткелі «түтін» деген досым бар, танып ал. Адам боп қалуды ойлаймын әр атқан таңымда, Түрің бозарып кетпесін, бұны жай қабылда.
Сеің сезіміңе менің көңілім толмады, Сол кезде менің мәңгілік сенен көңілім қалды. Менің өмірімнің мәні басқа жолды таңдады, Алда көп арман бар еді, бірақ та орындалмады. Есіңде ме, алғашқы кездескенде жауды қар, Сенің қолыңнан ұстап жылыттым тоңғаныңда. Періште болуға тырыспа, қалмады сенде ар, Қазір сол сезімге менің қойғаным бар. Менен де өткен қаңғыбас екенсің да, солай ма, Түнгі клуб, кафе жағалап жүрген саған ұнай ма? Сол қылығыңа, айтшы, саған біреу қарай ма, Сені тек ләззат алу үшін «сүйем» деп алдай ма? Көшеде көре қалсаң, маған қарама, Енді сені сүймеймін, маған жолама. Анауыңа бар, сені аялайтын, Түнде бәрін қойып сені аймалайтын. Бұрын тап-таза едің, қазір – қолданылған, Адам қалды ма өзі сені қолданбаған. Ар-намысың қайда ата-анаңнан сақталған, Әке-шешеңе қалай қарайсың, а, ұялмастан? Саған айтатын сөз жоқ, шыныменен, Әр кешіңді өткізесің анауменен. Қолыңда арақ-шарап, ауызыңда – темекі, Ұмытыпсың ата-анаң үйреткен әдепті. Өткенді еске түсірме, жетер болды, Сенің кесіріңнен өкпе түтінге толды. Сені елестете алмаймын болашақ ана деп, Қоятын кез келді бәрінен өте. Дұрыс деп таңдаған жолың сенің қазір басқа, Ақ пен қараны ажырата алмайсың, қасқа. Оянып көзіңді аш, айналаға қара, Сенің әлемің негізінде қап-қара. Қалам алып параққа жазамын жүректегіні, Ұмытамын сені жүрсең де үміттеніп. Қала берді жауап таппай сұрақтар ойымда, Бұйырса, менің алда келерсің тойыма.