Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QaraKesek x ERON - Неліктен..? | #KRP | Текст песни

Неліктен..?

Айтпай келді қайғы, лебі тиді қаттырақ боп,
Талай жылы сөздің қалғаны ма сандырақ боп?!
Менде сақтаулы суреттерің әлі жарқырап тұр,
Қолыма алсам ылғи, қолдарым қалтырап болды.
Қиналармыз, тәтті қайғының арқасы,
Мойныңа таға алмадым әлемнің қымбат алқасын.
Ойланбағасын соғылдық екеуміз жартасқа,
Қайтесің бітсе бәрі, барлығын артыңа таста.
Жанарыма жастар тіреліп түк көрмедім,
Жүректі тұншықтырды, дем беріп үлгермедім.
Өмірдің қызығына алданып қалдық, бәлкім,
Ал сен дым білмегендей болып үндемедің.
Қайда сол сезімнің мәні,
Қайда, неге шықпайды қазір қуаныштың әні?!
Білмейм, жете ме әлім ары қарай шыдауға әлі,
Махаббаттың төрін іздедім, тапқан орыным – дәліз.

Мүмкін емес, жаным, шынымен, мүмкін емес,
Көздерім бәрін көрді, бірақ та оған сенбес.
Алыстап кеттің менен, сен кеттің тым жыраққа,
Неге алдадың мені, жауап берші сол сұраққа.
Өзім оған көнемін, бірақ жүрегім көнбес,
Сенен басқаны, жаным, жаным, көздерім көрмес.
Сезімдеріміз болды, бірақ та уақытша,
Соны сезіп тұрып, жол бердім мен қалайша?!
Айтқан сөздеріңнің үміт оты сөнбес,
Кешір деп өкінсең де, жүрек саған сенбес.
Әрдайым ойымдасың қайтадан күн батқанда,
Көзімнен жас тамады қайтадан ақ параққа.
Енді келгенменен, жүрек саған келмес,
Сүйем дегенменен, оған ешкім де сенбес.
Бәрі-бәрі қалды, қалды бәрі артта,
Сүйем деме, болды, мен қалдым қараңғыда.

QaraKesek x ERON еще тексты


Другие названия этого текста
  • QaraKesek x ERON - Неліктен..? (0)
  • QaraKesek x ERON - (0)
  • QaraKesek x ERON - Неліктен..? | #KRP (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1