Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QARAKESEK x Esca Amon - Жырақтадың | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Жырақтадың

Сағынамын, сүймесең де сен мені, жаным,
Саған деген өшпеді сезімім әлі.

Бір болармыз деп едің, енді неге алыстадың,
Белгісіз мезетте жүрекке қанжар салдың.
Ойламаған жерден сен менен жырақтадың,
Ал енді сағынамын өзіңді ойлаумен, жаным.
Кезінде алға қойған қайда біздің мақсаттар,
Бір мезетте жоқ болды алған қойған армандар.
Армандап сені, жаным, түнім мен таңым атар,
Ойлаумен күні бойы осылай күнім батар.
Бір өзіңді көруге мен әлі асықпын,
Өзіңді сүйемін, жаным, мен әлі саған ғашықпын.
Мейлі, арамызда мыңдаған шақырым жатсын,
Менің сезімім сөнбейді, тіпті болса да жолы қатты.
Аспанда қара бұлт болса да, мен сені іздеп табамын,
Дауыл тұрса да, мен сенің артыңнан барамын.
Қанша қинасаң да, мен сенен айрылмаспын,
Себебі сезімім тек өзіңе ғана жақын.

Қ-сы:
Сағынамын, сүймесең де сен мені, жаным,
Саған деген өшпеді сезімім әлі.
Қия алмаймын расында, басталса деп басынан,
Сезім гүлін сыйлап едім, жүрегіммен ұсына.

Нешінші бөлшегі бұл менің еске түсіруім,
Тырыстым үйретуге саған тыңдауды жүректің үнін.
Мен сендік, сен мендік болу қиындап барады,
Сенің маған сезімің көңілде қашан тарады.
Қатырып әлде сананы күні-түні ойға батып,
Суретіңе үңіліп қараған сайын басым қатып.
Жұбатып өз-өзімді, жұбатым сезімімді,
Талай түндерім өтті өзіңнен үзбей үмітті.
Білесің менің қалай саған ғашық екенімді,
Шақырсаң, қалай болса да саған жетерімді.
Рас, мен сені сүйемін, білем бақытты етерімді,
Кетсең еді кетеріңді, жалықтым, жетер енді.
Не болса да, жаным, ұмытуға тырысамын,
Шын ниетпен қуанар едім, пайда берсе тырысқаным.
Сен менімен болмасаң да, басқамен боласың бақытты,
Шынымен сезімің жоқ болса, құртпа уақытты.

Қ-сы:
Сағынамын, сүймесең де сен мені, жаным,
Саған деген өшпеді сезімім әлі.
Қия алмаймын расында, басталса деп басынан,
Сезім гүлін сыйлап едім, жүрегіммен ұсына.

Сағынамын, сүймесең де сен мені, жаным...


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-