Жанымда болғаныңды, қалғаныңды қалап келем, Өзіңдей ару үшін бұл әлемнің бәрін берем. Жанымда болғаныңды, қалғаныңды қалап келем, Өзіңдей ару үшін бұл әлемнің бәрін берем.
Көздеріңе қарасам сенің, тартады өзіңе, Сені ойлап көз ілем, сеземін, тізіліп. Сен дегенде жүректе. Арманым – өзіңмен бару бақытқа, Өзіңмен бақытқа. Тағдырыма жазылған мәңгілік жар деп білем сені, Ендеше айрылмайм.
Саған байландым, басым айналды, Сездім өзіңнен тәтті сезімнің дәмін, Өмір мәнін, жалпы, бәрін, өзіңнен.
Өзіңе қаратты көзімді бейнең, Кеттім байқамай ғажайып күйге. Жаман алдайсың секілді сағым, Қанша кедергі аяқтан шалды, Жетемін өзіңе, талпынып келем. Талпына берем бәрібір мен, Жүректе қалмасын уайым. Арада біздің болмасын айып, Сен маған бұралған қайың. Сен маған боласың айым әрдайым.
Енді жалғыздықты қаламай жүрек, Қиналсам да, жымиып күлем. Маған керексің, кетпе менен, Алыстама, тек өтінем. Жүрегім жазып алып атыңды, Қанша таңымды мен атырдым. Бақытымды өзіңнен көргесін, бәлкім, Айрылғым келмей, мақсатым айқын.
Өзіңдегі тәтті мінез көркіңе сай келеді, Қасымда болсаң, әлі үйленетін ай келеді. Ай келеді, ай келеді.
Саған байландым, басым айналды, Сездім өзіңнен тәтті сезімнің дәмін, Өмір мәнін, жалпы, бәрін, өзіңнен.