Сенің сөздерің менің үмітіме себеп болды, Күдер үзбеймін, бірақ шыдамның есесі толды. Махаббат бақшасына сезімнің гүлін ектім, Бірақ дәл осындай жағдайдың боларын білмеппін. Жазғы демалысыңды, жұмысыңды себеп қылма, Әйтпесе әлгі үмітіме тағы еріп қалам. Түсінбеймін, неге жіпсіз байланып қалдым мен, Саған қарай ұмтылып, таласып тағдырмен. Жазылған хаттарың жауапсыз қалды тағы, Енді неге, кімге «кінәлісің» деп кінә артамыз? Қолда бар алтынның қадірін білмей қолаға жабыстық, Енді сенде қалады жүрегімнің жартысы. Алдымыз қараңғы, не боларын білмеймін, сен, Түбі ұғарсың бәрін, енді, жарығым, өзіңе сендім. Сондықтан да таңда, өзіңде болмақ, Енді мені тарихыңда қалдырма.
Қ-сы: Сабағы солды саған сыйлаған соңғы гүлдің, Көз алдымда бейнең, естелігі соңғы күннің. Жаныма жақын жан едің, алтыным, Өшкен емес санамнан көзіңнің жарқылы.
Жасырын қалды сезім, алдымнан бәрін ысырдым, Амалым жоқ дедім, біліп жүрегім қатты қысылды. Болашаққа кедергі болмайсың деген менің үмітім бар, Жаның жаурап қалса, анауыңа жылытып ал. Кешірім сұраймын өткен күннің барлығына, Бәрібір бағынамын тағдырдың жарлығына. «Мені ұмыт» демейм, өзің білесің ол жағын, Тек менің бір білерім: өзіңе қарай жол жабық. Еске түсіп кетесің мезгілсіз уақыттарда, Ештеңе алып қала алмадық келген бақыттардан. Білесің, мен емеспін ол сияқты шалқып қалған, Сен жылытпағансың, тас жүрекпін ғой қатып қалған. Алдыңда айыбым бар ма, айыпта, Мені өтермей жек көру сені сүюден айықпа. Жүрекке тиген ызғар келгендей бір ғайыптан, Бірақ сенің «сүйем» дегенің жан дүниемді байытады.
Қ-сы: (х2) Сабағы солды саған сыйлаған соңғы гүлдің, Көз алдымда бейнең, естелігі соңғы күннің. Жаныма жақын жан едің, алтыным, Өшкен емес санамнан көзіңнің жарқылы.