Арман орындалады дегенге сенесің бе, Бақытың сонда десе, сен соған ересің бе? Кетеміз екі жаққа өмірдің кемесімен, Мәңгі кетесің, әлде келесің бе? Телефонға соғылатын қоңыраулардан мезі болдым, Қашанғы жүреміз, а, аяқтайтын кезі болды. Жүрек қуанып барады кәдімгідей сезіп оны, Бәрі бітті, сүйіп-күйіп, ха, тез болды. Армандар орындалмады, арманның жүзі болды, Сезім мезгіл секілді – жазы кетіп, күзі болды. Айта берсем, жетеді, не қыламын тізіп оны, Саған соңғы рет барам, сол болады ізімнің соңы. Қалағаныңа бар, бар сені қалағанға, Мен сені аяламайм салып алып алақанға. Мен сені жек көремін – бұл жүрегімнің айтары, Бәрі кетті алыстап, ала алмайсың қайтарып.
Қ-сы: Өтер арада жылдар тізбегі, Сені ұмыту қолымнан келмеді. Алыстама, бол менің жанымда, Сүйгенмін сені, ол расында.
Кетесің ба, кете бер бар, ешкім ұстамайды сені, Бәрібір сені қаламаймын, уақыт айналса да кері. Сірә бақытты бола алмаймыз, ізде оны басқадан, Жігітің қайда кетті, табылатын қасыңнан. Саған қайтып кел демейм, бұл сөзді менен күтпе, Келіп кешірім сұрайсың болмағандай түк те. Нені қаладың сен, жауап бер, айтшы маған, Әлде ақымақ болғаным да сонда саған? Маған не дейсің, а, кете бер өз жолыңмен, Тас жүрек болуды, білесің, мен сенен үйренгем. Қарсы алмайм, келме болды, осы сұрарым сенен, Қанша алдымнан шықсаң да, айналып кете берем. Сезімдерім өшкен саған деген баяғыда, Жармаспа әркімге, жетіп алшы аяғына. Кетейік екі жаққа әркім өз кемесімен, Кедергі болса, болсын, жетсем болды жағасына.
Қ-сы: Өтер арада жылдар тізбегі, Сені ұмыту қолымнан келмеді. Алыстама, бол менің жанымда, Сүйгенмін сені, ол расында.