Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QARAKESEK x SABR - ЖҮЙЕ #102 | Текст песни

Жүйе

Өкінішке орай, бізде қалғаны тек үміт,
Жанардан аққан жас және болашаққа деген сенім.
Біз үшін шешіп қойған маңызды емес көзқарасың,
Ана соңғы тиынын санады оқытамын деп баласын.
Ал бірі шешімін тапты дәл қазір қылмыста,
Ұзыннан қо*ақты қойды сегіз сағаттық жұмысқа.
Бірі сабырлық сақтап, елді шақырып бірлікке,
Алдында тұрған жартылай қара нанға шүкірлік деді.
Ал ана студент қызыл дипломның мәнін түсінбеді,
Көре тұрса да барлығын, басын шайқады да «Құрысын» деді.
Теледидарға алданған жандар бұл сөздерге сенбейді,
Өзіңді іштей өлтірме, кредитке денсаулық бермейді.
Шындық қаруға айналды, басын ол жаққа бұрған ел,
«Ақиқат» деген наклейканың артында тұрған не?
Қызылдар сөйлейтін кез – екінің бірі Ішкі Істер,
Өз ойын ашық айтқан адамның бәрі қылмыскер.

Қ-сы: (х2)
Бізге бостандық керек, біздер шаршадық өткеннің,
Параққа жазудан шаршадым жүректегі өкпені.
Сен маған өмір туралы айтпа, мен де сөйлемейм,
Не көрдің, айтшы, теледидардан басқа?

Жасырып керек емес, айтылу тиіс бәрі де,
Көпшілік дұрыс сөйлеспейді қазір кәрімен.
Көбі ақылдан кетті, емдей алсаң, дәрі бер,
Қылмыскер, қашып жүре бер, аллимент!
Далб*еб, сенің тағы қандай ақылың бар,
Өзіңдей ақылшыларды қасыңа шақырып ал.
Көп жөтеле бермей, одан да қақырып ал,
Өмірдің ақыры бар, түсінеді ақылы бар.
Көпшіліктің құдайы – оларға теңге, тиын,
Сол үшін жатқан жоқ па маңдайы жерге тиіп.
Киімің тігіліп жатыр, түсеміз көрге киіп,
Бауырым, дұрыс айтасың, адам болу өте қиын.

QARAKESEK x SABR еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1