Күтемін өзіңді ай, жылдар өтсе де, Суық дала, жалған сөздерің маған өтсе де. Айрылғым келмейді, оны өзің білесің, Осылай жеткізбесем, қалай сен түсінесің?
Кездестім өзіңмен, айдай сұлу жүзіңе Ғашық болдым сонау мектеп кезімде. Сезім содан жалғасып келеді, Жылдардан астық бірге, жағалап күлдік. Талай қызықтар болды екеуміздің арамызда, Талай өткіздік қатеменен мұңайып та. Жанымыз бірдей болды, Ақыры алып жүрек жартыбасымда ой қонды. Жоқ, олай болмайды, сен маған уәде қалай бердің, Өзіме, қалай жанымнан, қалай кеттің?! Мүмкін, жалықтың, қайталайын тағы, Махаббат болмайды өмірде, оралмайды бағым. Басылмайды сағым тек бір өзіңе, Өзгені қалай қалаймын, болса көп жол өзіңе? Күтемін не болса да, мені тағы бір түсін, Осы менің айтарым, жүректегі сөзім.
Қ-сы: (х2) Күтемін өзіңді ай, жылдар өтсе де, Суық дала, жалған сөздерің маған өтсе де. Айрылғым келмейді, оны өзің білесің, Осылай жеткізбесем, қалай сен түсінесің?
Не болғанын білмедім екеуміздің арамызда, Қол ұстасып жүре бердік махаббат алаңында. Бір сәтке жоқ болды арамыздағы махаббат, Сезіміз де жоғалды, жүректегі шапағат. Кеше көріп қалдым сені біреудің құшағында, Сонда ол артық болды ма сенгенде байлығына?! Не болса да, күтемін мен жалғыз өзіңді, Ұмытпадым әлі сенің мөлдіреген көздеріңді. Қара түнек басты жүректі, бірақ бітпейді сағым, Не болса да, күтемін жалғыз өзіңді, жаным. Қайта ораларсың, шын сезімімді менің ұқсаң, Сағынышты баса алмадым, арайлап атқан таңым. Уәде берген едің сүйем деп мені мәңгіге, Қалай бұлай болғаны, тұра алмағаның сертіңде. Бәрі артта қалды, барлық қиындық, Сені күтуге дайынмын әрқашан түсініп.
Қ-сы: (х2) Күтемін өзіңді ай, жылдар өтсе де, Суық дала, жалған сөздерің маған өтсе де. Айрылғым келмейді, оны өзің білесің, Осылай жеткізбесем, қалай сен түсінесің?