Мен қорықтым, бақытымнан қорықтым. Көрінседе қарсы алдымнан болып күн. Жылдар өтседе Жылдам өтседе..
1. Жаным маған өкпелеме. Қайтесің, өкіне беріп өткеніңе?! Кінәлімін, алдыңда мойындаймын Мен үшін көз жасыңды төккеніңе..
Ұйқысыз атып жатырма, таңдарың? Жалғыз қалғанда қайтадан таңдадың Неге мені, Қайда қалғаны? Не сұрайсың, жүректен дым қалмады!
Не сұрайсың сен менен? Жүрегімнен, қолыңда өртеңген? Білесің ғой... Қайтадан өртеме.
Сен жайлы жазылған, парақтың бәрін бүктедім. Жаным, бәрін өртедім, бірге қосып өкпені Бірге қосып өткенді, тағдырдан үміттенбей. Оралса, оралатын еді, осы уақытта көктемім....
Қайырма.
Сезімім, өзің үшін Теңіз дегем. Жүрегіммен, жүрегің Егіз дегем. Қателестім, бақыттан мен іздеген. Бәрін ұқтым, енді сен мені іздеме.
Үмітім жоқ, қазір менің үзілмеген. Қалды жүрегімде, өткеннен үзінділер. Маған емес, өзгеге жүзіңді бер. Ал мен жалғыз, ары қарай жүзе берем!
2. Шындықты білуге, жүрегіңнің есігін қақпадым. Екеумізге дайындадың сен, қайғының қақпанын. Ойланбадың, сол үшін қазір дымды таппадың. Алда әлі жалғыз жауратар, суығы "Ақпанның"
Ал мен қаламаймын, жаурағанын тіпті қолыңның. Жасқа толмасын көздерің, үйрен сабырлы болуды. Бақыттың жолын тауып, көрсеттім саған жолымды. Мен жерде отырмын, саған ұсынып барлық орынды.
Сен қаласыңба, бұл өмірде, мәңгілікке? Солай сен дым ойлама, бақытың мәңгі деппең? Төсекте меңіреусің, ләззатпен Мәңгүрттер. Артыңда жатқан адам, құралған Мың күдіктен..
Бақыт сыйлайма саған, қолыңды ұстағандар? Бақыт сыйлайма не, саағн құйылған Стакандар? Сен үшін тормозба не, әр жеріңді қыспағандар? Сен өкініп қаласың, өз өзіңді дұрыстағанда...
Қайырма.
Сезімім, өзің үшін Теңіз дегем. Жүрегіммен жүрегің, Егіз дегем. Қателестім, бақыттан мен іздеген. Бәрін ұқтым, енді сен мені іздеме.
Үмітім жоқ, қазір менің үзілмеген. Қалды жүрегімде, өткеннен үзінділер. Маған емес, өзгеге жүзіңді бер. Ал мен жалғыз, ары қарай жүзе берем!
3. Сездірдің, сезімнің ең тәттісің. Қазір уладың мені, сен кәдімгідей Әртіссің.. Айтшы неңді айтам, мақтайтын кай жерің бар? Менің "АНАМА" ұксайтың, өмірде кай "КЕЛІН" бар?
Кешірші, сен оның тырнағына татымайсың. Алжып кетпеші, көрінген адамға қатты майысып. Шылымның түтініндей, жоғалып болдың ғайып. Сезімнің теңізінде, болдың "ТЕСІК ҚАЙЫҚ"