Таңым атса, күнді күттім, Күнім батса, түнді күттім шаршап. Мың үміттің, мың күдіктің Арасында кімді күттім аңсап. Баяндай серт бере алмадың, Мен Қозыдай сене алмадым, гүлім. Келем деп ең, келе алмадың, Келе алмасаң, неге алдадың бүгін?
Қ-сы: (х2) Күн дидарын бұлт жасырған күнім, Көктен күткен, көптен күткен гүлім. Керек маған жұпарың мен нұрың, Гүлім, күнім.
Мен – Төлеген, сен – Жібексің, Менде жүрек – сен жүрексің жалын. Шын Төлеген, шын Жібекке, Айналайық бір жүрекке, жаным. Толқып соқса жайық-сезім, Айыпты мен, айыпты өзім заңды. Сол Жайық та «гәкку» аңсап, Сыңарын жүр аққу аңсап мәңгі.
Қ-сы: (х4) Күн дидарын бұлт жасырған күнім, Көктен күткен, көптен күткен гүлім. Керек маған жұпарың мен нұрың, Гүлім, күнім.