Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QARAKESEK - Жасыру қиын (минус) | Текст песни

Мына сенсің сезіміме сенбеген,
Көңілімнің қалауы тек сен деп ем.
Кеудемдегі жалындаған сезімім
Бұрынғыдай, әлі күнге сөнбеген.
Сөнбейді, керісінше, алаулайды,
Естелікті сен жайлы аялайды.
Сені ойлап көңіл де тозып болды,
Қиналуды бұдан әрі қаламайды.

Не десем де, бәрібір менікі дұрыс емес,
Маған қатты сөйлеме, қалағаным ұрыс емес.
Алжып барамын, сен түсініп көрші мені,
Мені наркоман дейді топас көршілерім.
Құрып кетсін деп барлығы өз-өзіме «Өлші» дедім,
Қатып көріп, жынды ұқсап өз-өзіме «Күлші» дедім.
Ақыл айтып жатқандарға: «Әрі кетіп үрші!» дедім,
Жағдайым – осы, тек сен түсінші мені.
Қалағанына қойғаным бар, жүректі бұрдым өзіңе ғана,
Қасыңнан табылғым келеді, тез арада жүзге санап.
Мені бақытты ғұмыр кешіп жүр деп ойлайтын да боларсың,
Суретте асып-тасып мен басқамен болғасын.
Олай емес, олай ойлай бермеші, алтыным,
Сенің көз жасыңды көріп, тарылып барады алқымым.
Менде жүрек бар, сезім бар, өмір бар,
Бірақ сенің қолыңда, ал менде – тек өлім ғана.

Қ-сы:
Жасыру қиын сені жүрегімнен,
Сағындым, қайтейін, амалым не,
Білесің бе, жалғыз менің арманым не?
Ол – сен, ол – сен!
Жүректе болады махаббат сонау,
Сен де ұмытпа, өтінем.

Мен басқамен болсам да, сені қызғанып барамын,
Мен оны сүймеймін, мен сені сүйем, қызғалдағым.
Жүрек айыптайды мені, себебі қарсы болғам,
Жүрек пен менің ойым қарама-қарсы болған.
Жылатқым келмейді оны «қош бол» деген шешіммен,
Алдыңда айыптымын, кешірші, не дегенмен.
Тағдырға айтар назым жоқ, мен тағдырыма ризамын,
Өйткені сені бақытты қылды, ендеше сен де риза бол.
Таң атып, батып, өтіп жатыр өмір бірқалыпты,
Өмір бір қалыппен қайғының әкесін танытты.
Мен сені сүйем, осыны мен не үшін жасырыппын,
Басым істемейді менің, келбетімде жазылып тұр.
Бәрін айтқандаймын, ал сен бұған не айтасың,
Сені көру – бір мақсатым, секілдісің айдың тасы.
Осылай қолым жетпей қалам ба мен қолымды ашып,
Иә, ақымақпын баяғыдан саған ғашық.

Қ-сы:
Жасыру қиын сені жүрегімнен,
Сағындым, қайтейін, амалым не,
Білесің бе, жалғыз менің арманым не?
Ол – сен, ол – сен!
Жүректе болады махаббат сонау,
Сен де ұмытпа, өтінем.

QARAKESEK еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 6