Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QARAKESEK - ▫Өзің Білсен,Өзіңе Сен | Текст песни


-----------------------------

Өзің білсең өзіңе сен...

Жалғыз жүрегіңді маған сыйлама,
Ол үшін болма мені қимаған.
Ақылмен өмір сүр, есіңді жина да,
Сөздермен адаспа ақылға сыймаған.
Жылжыған уақыттар жетелеп бақытқа,
Алып бармады ма?
Әлің бар ма жетуге алыс арманыңа?

Қ-сы:
Сен мені ойлама, өзіңді ойла,
Қатал тағдырдың ағысына қарсы жүзуді ойла.
Жаным, жалғызбын деп, жалғыз қалып қойма.
Сен менен сұрама бақытыңды,
Зая кетірме қайтарылмайтын уақытыңды.
Жаным, өзің білсең, өзіңе сен.

Айтылды ма, жаным, ішіңдегі сырларың біреуге,
Жылдам табылды ма не біреулер?
Оларға болама, а, сенуге?
Жоқ, сенбе, мен сенбейм, олар алдайды,
Оларға ерме, олар да пенде,
Мына мен, сендей.
Олардың ойларында – байлық, дүние, теңге.
Сені жетелеп алып бармайды бақытыңа,
Өздері жетіп алсын бақыттарына
Келіп алсын дұрыстау бағыттарына,
Қашып кет олардың берген бағыттарынан.
Жаным, ойланып атты таңың,
Мен үшін жыламашы тағы.
Аңсама, болсам да сағым,
Жай ғана мені сағын.

Қ-сы: (х2)
Сен мені ойлама, өзіңді ойла,
Қатал тағдырдың ағысына қарсы жүзуді ойла.
Жаным, жалғызбын деп, жалғыз қалып қойма.
Сен менен сұрама бақытыңды,
Зая кетірме қайтарылмайтын уақытыңды.
Жаным, өзің білсең, өзіңе сен.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 5
Видео
Нет видео
-