Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QARAKESEK - Келемін | #KRP | Текст песни

елемін

Менің де үмітім бар алдағы атар таңға,
Жүрегің салды ма не мені мәңгілік банға?!
Неге желіде жақын адамдай сөйлейсің,
Жанымда болсаң, үндемей, ұялып күбірлейсің.
Саған мәлім менің саған көзқарасым,
Артыңнан жүгірген адам қаншама саған таласып.
Қызғанамын, қызғанышымды жасыру қиын,
Бірге болсақ егер, 3 жыл ғой бізге биыл.
Сенсіз жұта алмадым тегін берілген ауаны,
Далаға қарасам да, жүрегім-ау саған ауады.
Тап-тар басқаға жүрегімнің кеңістігі,
Жанымда болсаң ғой, мен үшін – ол «Жеңіс күні».
Мейлі, болса да арамыз алыс,
Бірақ жүректің екпінімен соғамыз қарама-қарсы.
Жүрегім соқпаса да, бәрібір сен сонда қаласың,
Менің жүрегім – сенің үйің болды, сонда қонасың.

Қ-сы:
Арамыз болса да қашық,
Мен келемін өзіңе жан-тәніммен ғашық.
Өзіңе жан-тәніммен асықпын,
Мен келемін өзіңе жан-тәніммен ғашық.
Өзіңе жан-тәніммен...

Білемін, жолдарым шимайланған,
Екеуміз араға зәт ол сыймай қалған?!
Басыма бақ қона ма, әлде қонып болған,
Жүрегім әйтеуір шыдап келеді сол жағымда соғып тұрған.
Суық күн бітті дейін десем, тағы да жаурап қалам,
Сезем, қарағаның қайта мені баурап алады.
Қасыңнан қысылып өтем, сезсең соны,
Қалтырап қоя берем, денеңе тисе қолым.
Өмірдің ағысы шығар, білмейм,
Екіге бұрды бастауын өзеннің бізге білдірмей.
Амалы бар ма енді қайта қосуға оны,
Мүмкіндік бере ма созуға қайта саған қолымды?

Бағаламай өзгерем бе, қарамай өзгелерге,
Тағы да күз келе ме, бірге болсақ?

Қ-сы:
Арамыз болса да қашық,
Мен келемін өзіңе жан-тәніммен ғашық.
Өзіңе жан-тәніммен асықпын,
Мен келемін өзіңе жан-тәніммен ғашық.
Өзіңе жан-тәніммен...
Арамыз болса да қашық,
Мен келемін өзіңе жан-тәніммен ғашық.
Өзіңе жан-тәніммен асықпын,
Өзіңе жан-тәніммен ғашық.
Өзіңе жан-тәніммен...


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-