Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QaraKesek - Өмір Зындан | Текст песни

Өмір Зындан

Өмір 4 ақ әріп ішінде қанша мағына
Бәрі өз қалауыңда пайдасы болса тыңда
Бұл өмір арнасы ағып жатыр сарқырап
Кей ғұмырың жарқырад кейде қараңғы басад

Алма-кезек бәрі де өмір де, өлім де
Жақсылық та, жамандық та, байлық та, кедейлік те
Бәрі Алланың қалауы, желбірегені жалауы
Өміріңнің мәні не, бұл өзіңнің таңдауың

Елдер астан-кестең болды, байқамады оң мен солды
"Терроризм" деп аталды Алланың түзу жолы
Көр соқыр болды бәрі, бұл мұсылманға мәлім
Ақ пен қараны білмейді менің қазақ елім әлі

Менің әнім менің еліме пайда әкеле ме
Намысына тиеме екен көше кезген әпкелердің
Қазақтың қараңғы жағы қараңғылатып барады
Күнде толуда түрмедегі адам саны

Қ-сы

БҰЛ ӨМІР ЗЫНДАН, БҰЛ ҚАТАЛ ТАҒДЫР
БӘРІНЕ КӨЗ ЖҰМҒАН, ЖЕҢЕДІ ЕТКЕН САБЫР
АҚ ЖӘНЕ ҚАРА, СЕН ӨЗІ ОЙЛАНДЫҢБА
ЖАҚСЫЛЫҚ ТА, ЖАМАНДЫҚ ТА ӨЗІҢНІҢ ҚАЛАУЫҢДА

Күндер өзгеруде адамдардың пиғылы
Көшедегі бір топ кетіп барады жиылып
Тәңірдің бергенін сый қылып, көрсетіп ерсі қылық
Көруден қалдық адамды баратқан мешітке ұмтылып

Темір тор толуда өмірдің ол үшін мәні жоқ
Ата-ана отбасы үшін ол кеткен бөтен боп
Тапаншадан атылған оқ алдындағыны құлатуда
Әңгіменің бәрі жақыннан бар, шетінен зар жылатуда

Жырлап кеткен ұлы ақындар, естіледі құлағыма
Душар болған бұл ғаламда жетімдер бар ұмытпаңдар
Күнде мыңдаған жетім, табылуда бұл әдемде
Ешкімге қажет емес жетім бала бұл елде

Өмір қатыгез болса - сен оған жұмсақ бол
Өмір зындан болса -құтылуға бар жол
Бәрі өзіңнің қолыңда, сақтансаң сақтайды
Әрбір қадамды ойлап бас, бұрыс қадам қайғы

Қ-сы

БҰЛ ӨМІР ЗЫНДАН, БҰЛ ҚАТАЛ ТАҒДЫР
БӘРІНЕ КӨЗ ЖҰМҒАН, ЖЕҢЕДІ ЕТКЕН САБЫР
АҚ ЖӘНЕ ҚАРА, СЕН ӨЗІ ОЙЛАНДЫҢБА
ЖАҚСЫЛЫҚ ТА, ЖАМАНДЫҚ ТА ӨЗІҢНІҢ ҚАЛАУЫҢДА

(c) QaraKesek - West Eagles Production

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-