Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QARAKESEK - Тiрi болсаң | Текст песни

Тыңдашы

Жаным, тыңдашы мені,
Айта алмағаным бар, айтайын енді.
Сенім жоғалмас деп үмітке байланғам,
Сезіммен көр соқыр түк көрмей айналада.
Сенен басқа сезім рас па,
Екеуміздің арамыз – Жер мен Аспан.
Қайтесің тоқтаса жолда кемем,
Бір күндік бақыт емес маған керек сенен.
Жалпы, тыңдап отсаң мені,
Тірі екеніңді білдір, сау болса денің.
Менің мезгілсіз саған жазған жырларымнан
Табасың сен, іздесең керегін де.
Сүюге лайық емес адамды сүйген адам,
Сен үшін өліп қалмадым, қарашы, аманмын.
Бірақ не керек, өлшеулі уақыт арасы,
Барасың омен бақытқа таласып.

Қ-сы:
Ойлан, есің бар, сен ойлан,
Әлі күнге санамда тұрады менің
Сенің елес келмес, керек емес.
Есіңе ал өткенді,
Ұшырдың қолдан көктемді.
Баурап басқа жаныңды,
Кімге бақыт қып сыйлайсың енді?

Бақыт артта қалды, сен байқамадың оны,
Бақытыңды іздеймін деп көше кездің оңды-солды.
Кезектің соңы болдың, қолыңды созбадың бекер
Мен ұсынғанда саған, енді өкіне бер.
Тас қылдың жүрегімді, қалай жібіте аласың,
Көз жасыңнан пайда жоқ, көрсетпе қарасын.
Тәкаппар жансың ғой, енді соны пайдалан,
Сенің бұтың жайлы айтады, сен білесің бе, айналаң.
Арыңа тиіп кеттім бе, арың енді оянды ма,
Өкпелей бер, маған мейлі, біршама ой алдыма.
Түсін, түсіне аласың енді қандай күйдемін,
Сен кеткелі, білесің бе, нені түйгенімді?
Ой санамда, бұл ғаламда жалғызсырағандай,
Махаббат азабы қандай, ғашық болу қандай?!
Екеуі екі түрлі секілді – Жұмақ пен Тозақ,
Ал мен келмейтін сәтті күткенмін ұзақ.

Қ-сы:
Ойлан, есің бар, сен ойлан,
Әлі күнге санамда тұрады менің
(Бақыт артта қалды, сен байқамадың оны!)
Сенің елес келмес, керек емес.
(Сен байқамадың оны!)

QARAKESEK еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2