Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QaraKesek (Тайфун) - 1+1=? | Текст песни

Жанарыңнан сағыныш сезіледі,
Сезем сені, сезем сені...
Арманым өзіңе қиял болып қала берді,
Кінәлі – өзіміз, ия.
Көңілімде қара қайғылар,
Расында, мен емес саған сай болар.
«Болды, бәрі бітті» дегенді қайталап,
Өзімді алдайм, өтірік айта алам.
Нұрын шашқан бейнең әлі жүрегімде,
Қалайша ұмытамын, мүмкін емес, білемін мен.
Сезіміңе, жаным, шөлдедім,
Жүрегім мұз болса да, сезімім сөнбеді.
Жалғыздықта жанымды жұбата алмай,
Жүрегім сені сұрайды, оған тіл қата алмайм.
Баруға бата алмайм, қасыңа бара алмайм сенің,
Ештеңе қаламайм сенен.
Ойлап өткенді, өкініп,
Өткен күнге қайта келші деп өтініп сұрадым.
Одан жауап жоқ, басқа сауап жоқ,
Бізде амал жоқ, кешір.

Қ-сы: (х2)
«Сүйемін» дедің, сүйе алмадың,
«Бақытым» дедің, бола алмадың.
Жүректі неге үнсіз қинадың,
Сүйемін сені, сүйемін, жаным.

Не деп бастарымды білмейм,
Сірә, жалықтым мен жазып саған.
Қанша рет ауыр сөз сөйледім,
Мүмкін болса, сана.
Бірге болуға бізге, бәлкім, жетіспеді сағат,
Неге бізге келгенде бақыттың қолдары сараң?!
Өзіңді жоғалтып алма, қирама,
Бізге берілген сынақты менсінбе, қиналма.
Айып етпе, қасыңнан сенің табыла алмасам,
Табыла алмайм Тәңірім тілекті қабыл алмаса.
Ешкімнің басы ауырмайды, осы бастан біліп қой,
Екеумізге біреулер көңіл айта ма, бізге жас шығарып екі көзден?
Жете ме жүрегіңе жалпы саған менің айтқандарым,
Көрсетші бақытыңды маған, қайда сенің айтқан бағың?!
Білмеймін, расында, айтшы, бізге кім кедергі,
Бәлкім, алдағы келер күн бізге көмек береді.
Сол кезде келермін, әзірше сен де көне біл,
Мен үшін қиналма, жылама, жаным, күле біл.

Қ-сы: (х2)
«Сүйемін» дедің, сүйе алмадың,
«Бақытым» дедің, бола алмадың.
Жүректі неге үнсіз қинадың,
Сүйемін сені, сүйемін, жаным.

QaraKesek (Тайфун) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3