Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QaraKesek (Тайфун) - Бос сөздер | Текст песни

Түсіну қиын, сірә, өмірді,
Жұбату қиын жабырқау тартқан көңілді...

Сезімімді сезесің бе саған ғана байланған,
Өз басыңмен ойлап көрші, кім сен үшін ойланады?
Білем, айрылдың жақыныңнан тым ерте,
Түсінем, бірақ та маған оны жыр етпе.
Айтайын сенің жүрегіңе жетсін деген ниетпен,
Күнде болды саған деген тек шынайы ниеттер.
Менің миыма не келмеді, айтшы, мені сүймеппең,
Сенің соңғы сөздерің өтіп кетті сүйектен.
Сен Алматыдасың, ал мен - Ақтөбе қаласындамын,
Оқудамын, сен кешірші, бармадым арасында.
Бір түсінші жағдайымды, тесік қалтаның жағдайы,
Ал сен өзің келем дедің, бірақ құбылып кеттің шайып.
Бәлкім, бәрін ұмыту үшін менімен сөйлестің,
Сен неге ойнайсың менімен, неге ойламайсың мені?
Эй, ессіз, неге қинайсың, неге сыйламайсың мені,
Түсінгенім - сен үшін жай ақымақ екенмін.

Қ-сы:
Түсіну қиын, сірә, өмірді,
Жұбату қиын жабырқау тартқан көңілді.
Сағынып сені жанардан жасым төгілді,
Түсіну қиын, түсіну қиын өзіңді.

Кездесе алмадық, енді кездеспейміз мүлде біз,
Бұдан былай, томпақ қыз, сөйлеспейміз күніге біз.
Сенде бәрі бар, білем, саған енді не жетпес,
Сен өзің айтқансың: \"Маған сен жетіспейсің!\" - деп.
Не болып қалды енді, жалпы өзің қайда жүрдің,
Бізге бір жыл болады апрельде, санап жүрмін.
Өтті бір жыл өкінішпен сенің арқаңда, жаным,
Түсінбейсің, білесің бе, сол үшін барамын жанып.
Қиын болса да, алдыға қадам басамын, не істеймін,
Маған дауыс көтермегін, қалағанымды істеймін.
Сен үшін мен не істемедім, нең ұалды енді жасатпаған,
Басқа сүйіктіңді тап, ары кетпей осы аптада.
Мен сені ұмытпаймын, себебі саған шын ғашықпын,
Бауыр бастым, рас айтамын, сені іздеп шыңға шықтым.
Сезім көктем гүлденіп, жазда құлпырды,
Күз келіп күрт өзгерді, қыста келіп құрбыңды, бітті…

Қ-сы: (х3)
Түсіну қиын, сірә, өмірді,
Жұбату қиын жабырқау тартқан көңілді.
Сағынып сені жанардан жасым төгілді,
Түсіну қиын, түсіну қиын өзіңді.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-