Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QaraKesek (Тайфун) - Бәрібір | Текст песни

Мен деп соға ма жүрегің, оған соқпасын деші,
Мен үшін соқса егер, оған қотақбассың деші.
Мен айтып жатыр деші, бәлкім, ол түсінер,
Жалпы, амал істеші.

Жалғыз қалғым келеді дейтін едің, есіңде ме,
Арманың орындалса, жүрегімнің несін берем?
Маған байланып қалған жолың әйтеуір шешілді ме,
Ұзын киін дейтін едім саған, құтылып шешіндің бе?
Етегің ақылыңмен қосылып кесілді ме,
Маған сақтап жүрген жерің, шыдамай, тесілді ме?
Қанша өзіңді ақта, «сайқал» деген есім берем,
Түбінде зар илейтін, көресің, кезің келеді.
Арамыз бұзылғаны тағдырдың кесірі ме,
Тағдырды кінәлап, сосын маған кешір деме.
Тағдырың қандай болса да, өзің өзгере көрме,
Мен ұйықтайтын болыппын тек сен жайлы түс көруге.
Бақыт жайлы әңгіме айтпашы екеуміз деп,
Сыйлаған сезім қайда сонау сары күзде?
Енді не істейін деп едің, менен үміт үзбегенде,
Тереңге батып кеттім сезімге жүз дегенде.

Жоғалып кеткім келеді сен жаққа алаңдамай,
Сезімімді қайтаршы, өмір сүрейін армандамай.
Қолыңды ұсынбашы, керек емес,
Мен саған сенбеймін, ал сен маған неге сенесің?

Айналам бұлдырады көзімді жасым басып,
Бірақ мені кім ойласын, өзгермейтін жартыбасты?
Сонда да бір қарашы жанарыма саған ғашық,
Сыртымнан сөйлемеші ауызыңды артық ашып.
Саған соғылатын қоңыраулар жатыр асып-тасып,
Типа саған бәрі ғашық, типа саған асық.
Бәлкім, сен оларға асыл боп көрінетін де шығарсың,
Қайдан білсін сезімің азып, жатқанын жүрегің шіріп, сасып.
Айта бергім келеді іштегі мұңды босатып,
Жалғыз едің, жібердің өзіңе мыңды ұқсатып.
Аспанға кеткім келеді, аспанға бар ма бір саты,
Біз жүрген жерде жүрсем, аяқ-қолым құрысады.
Қашанғы тырысады бейшара жүрек,
Миым маған ұрысады «Ойлама, өлесің!» деп.
Қайтемін, мен де пендемін, менің де күлгім келеді,
Әке атанып, сәбиімді көтергім келеді.

Күлгенін көргім келеді, жүргенін көргім келеді,
Қолынан ұстап алып, артынан ергім келеді.
Бұл жалған өмірдің мәні – мен үшін осы ғана,
Және ата-анам…

Жалған, бәрі жалған,
Мынау жалғанда өткенді армандама.
Жалғыз қалғанда алдағы ғұмырымда үміт жалғанбайды.
Жалған, бәрі жалған,
Мынау жалғанда өткенді армандама.
Жалғыз қалғанда алдағы ғұмырымда үміт жалғанбайды.
Не қыламын, жүрегім жарылуға дайын,
Армандасам, армандарым ылғи сары уайым.
Сен үшін беріп едім жүрегімнің жылы жайын,
Бірақ саған қызық емес, қызық саған жағдайым.
Қайда сол күндерім,
Сезімнің үндері, сыйлаған гүлдерім саған.
Қалайша, жаным, өзгеріп үлгердің?
Бақытты боласың ба мына менімен,
Менсіз тоғасың ба, жаным, шынымен?
Мен емес, сен маған жылу бер…

QaraKesek (Тайфун) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1