Сағынсаң, қасыңа жете алмай, Айналшақтап әрі-бері, кете алмай. Алдымдағы тұманнан өте алмай қалам.
Алдымдағы тұманнан өте алмай қалам...
Сен кеткелі менің жағдайым жаман емес, Қазір істеріме өкінетін заман емес. Армандарымды арқалап шаршадым, тастадым оны, Егер керек болса, алып қайт, әрине, білсең жолын. Қажет емес қазір жымиғаның, Кешірші, шын айтамын, жаным, бұл шын иманым. Кері оралмайды, мен кері оралмаймын, Ренжіме, мен емес сен секілді келерді жорамалдайтын. Қиналып жүрсің ба не өткеннен ала алмай есеп, Тәніңе ие бол, жаның ауырмасын десең. Бүгін қара мұзбын, саған бауыр басып кеше, «Қайта келем» деме, ауызыңды жап, шешең. Қалай мәз боласың, қалай өмір сүресің, Құдаймен шаруаң жоқ, ақымақ, қашан түсінесің? Кімді мақтан тұтасың, кімге сенесің, мына маған ба, Онда мен сені сүймейм, осыған сенші.
Қ-сы: (х2) Сағынсаң, қасыңа жете алмай, Айналшақтап әрі-бері, кете алмай. Алдымдағы тұманнан өте алмай қалам.
Бұл өмір қандай, түсінбедім ешқашан, Махаббаттың тарихы ауыспалы әрқашан. Әрқашан, әрқашан жүрегім де қиналған, Түсініксіз бұл өмір, сезімдер де алданған. Жүрегім сыздайды өзіңді, жаным, іздеумен, Түсінгенім тек сені, қаламайсың неліктен? Бар айтарым өзіңе: ұмытпашы сен мені, Айлы түннің астында серуендеген күндерді. Құшақтасып өзіңмен, еріндер де түйіскен, Бәрі-бәрі есімде, ең алғашқы кездескен. Барым да, анарым да сен едің ғой, аяулым, Бұл өмірде тек сені сүйіп едім, жалғызым. Күні-түні ойлаумен, жұлдыздарға қараумен, Тек сені армандаймын, болашақты ойлаумен. Бірақ бұны сезбейсің, жоқсың ғой сен жанымда, Ұмытпадым әлі де, келші менің қасыма.