Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QaraKesek (Тайфун) - Уақытша | Текст песни

Мені бағың деп ойлап жүрсің бе,
Болмасам да қасыңда мүлде.
Ал мен ұмытып кете берем барыңды бұл өмірде.
Жаным, өміріміз бөлек,
Жанып бара ма жүрек?
Жаныңның үні маған беймәлім,
Сен келмедің, кімді қимадың?

Айтшы шыныңды,
Менен жасырып қалма өзгемен өткен түніңді.
Кешіре алмадым, ұмыта алмадым,
Ұмыттым деп өзімді әрбір күнімде алдадым.
Енді алданып қалыппыз
Сен де, мен де уақытша пенделер.
Алысып не керек онда, айтшы, жай сезімге,
Рас айтам, маған бұл өмір – уақытша бостандық.
Ана жақта күтіп тұрған ауыр сотты сезінем.

Қ-сы: (х2)
Жаным, көздеріңмен менi жетеле,
Жанымды алам десең, алып кете бер.
Бақытың айналып келеді десең, күте бер,
Бірақ мына өмір тез біте ме?

Мен үшін ең қымбат – күлкісі анашымның,
Жанына тыныштық беретін сәті баласының.
Бұл өмір өзінше тасып, толасып, маған бәрібір,
Қолымда не бар, сонымен өмір сүре берем әлімді біліп.
Бүгінгі күнім кешегі күніме қатты ұқсайды,
Ертеңгі күнімді ұқсатпайм.
Менің үмітім бар,
Үмітімді өшірме, өтініп сұрайм.
Мен жалғыз ойланып ойдың түнегін ойыммен ойып жатып алдым,
Кім менің жүзімнен күлкіні тез тартып алды?

Арманым, уақытша жалғаны,
Әлі еріп келем мен, қалмашы алданып.
Сенің қолдарың мендік болмады,
Сенің көзің қара қате,
Жанымды емде, жүре алмайм сен салған жарақатпен.

Қ-сы: (х2)
Жаным, көздеріңмен менi жетеле,
Жанымды алам десең, алып кете бер.
Бақытың айналып келеді десең, күте бер,
Бірақ мына өмір тез біте ме?

QaraKesek (Тайфун) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1