Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша, Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша! Сексен қыз, серуенге шықсадағы, Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша!
Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың, Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша! Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр, Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар Қадиша!
Дегенде Балқадиша, Балқадиша, Күйеуің сексен бесте, о-шіркін, шал Қадиша! «Кетті» деп Балқадиша, естігенде-ей, Талында Жыландының құшақтап қара жерді, Еңіреп, жылағаным-ау, оуу Еңіреп, жылағаным-ау, жаным Қадиша...