Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Rahat Djazbaev - Анашым (авторлық шумақтар) | Текст песни

Анашым
Жан-тәніммен сүйетін ардақты анам,
Өзіңмен өткен әр демім қымбат маған,
Бұл өмірде одан басқа не жетпейді?
Құшақ жая анаңды ардақтаған.

Сырымды ашар жалғыз сен, сен анашым,
Бәрінен де пәк жанды сен анашым,
Қайғы тауып, мұңға батып бір оралсам,
Жолын тауып жұбатар сен анашым.

Қанша жасқа есейіп кетсем дағы,
Құшағыңда еркелеп сәби калармын,
Қаншама ақылым тасып кетсе дағы,
Мәңгілікке ақылшым болып қаларсың.

Бақытты жанмын, бір өзіңнен жаралдым,
Құрсағыңда жатып, кіндігіңнен нәр алдым,
Сарыарқа белі арамызда жатыр-ау,
Тағы қоштасып, тағы қайта оралдым.

Сағынамын өзіңді, алыстамын ,
Тек өзіңнен бір сәтке адаспадым,
Кешірші ана, қателесіп кетсем егер,
Мұндай қылық еш маған жараспады.

Кешірші анам, пәк жанды емеспін мен,
Тырысамын, менен тек үлгі көретін,
Адал жан болам, нәпсіммен күрестім мен,
Мақтынышың, үмітіңді ақтай білетін.

Айта алмаспын анашым бәрін саған,
Мұның бәрін қос парақ бетке жазғам,
Қараңғы түнде сезімнен көз жасаурай,
Сонау жерден жылата білген анам.

Анам Гүлнәрға !

Rahat Djazbaev еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1