Адасқаннан өмір мәнін жоғалттым,
Бұл қақпаннан шығаратын болар кім?
Ашу, ыза, қайғы тастап кетсе де,
Қамалынан жібермейді мына түн.
Күкірт жағып тұтатқаным темекі,
Өкпе өтіп, тамырларға енеді.
Қаным қызып, күйіп-жанып барады,
Айналдырар бір ләззатқа тербеді.
Ессіз, түссіз көкеніске жарадым,
Бір қарасам айға ұшып барамын.
Әбден қурап, есірткіге ашыға,
Жинай алмай құмырсқаша тарадым.
Сүю-күю, жию-тию жайым жоқ,
Күнделікті бұл өмірде уайым жоқ,
Қалауымды уақытында қандырсам,
Сол мезеттен асып кеткен райым жоқ.
Өткен батып, бір күн туар бұл таңда,
Нәпсі тыйып өзімді ұстай алам ба?
Жаным сынып қайта оралып қақпанға,
Жаңа күнді қайтадан күте алам ба?
Rahat Djazbaev еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1