Періште емеспін, күнәһар бейнесінде Өзгеруге сөз беремін, мүмкіндік бер келесіде?! Махаббат сезіміне, мен лайықты емеспін, Бәріне мен кінәлі, келеді тек бір кездескім.
Сенен іздеп табамын, махаббаттың түбірін, Қонып әрбір гүлге, мойындаймын бүліндім. Шалындым, сүріндім, сағымдар арасынан, Кей кезде табылдым, жүзекшелер жағасынан.
Жылаттым өзіңді, көл қылып көздің жасын, Қалдым мен жалғыз болып, өзіңдік қара басым. Қиылған кірпіктерің, төгілген қара шашың, Қарлығаш қанатындай, терілген екі қасың.
Сұлусың сынбатты, не деген асыл жансың, Жаңбырлы кеш артынан бозарып атқан таңсың. Қазір болдың танысым, кезіндегі сүйіктім, Адасып мен есімнен, кеш болғанда жиыппын.
Сені ұмыту қиын түсінші мені Қиындау менің өзіңсіз күйім Жаным сағындым өзіңді іздеп Сені сүйдім мен ұмытпағын тек
Фонымда ұялымның сенің суретің Ішінде әуендер екеуміз жақсы көретін Мен бақытты едім жанымда жаным сүйетін Себептер қалды тек қана еске алып күлетін
Бірге жүретін екеуміз тоздырған жолдар Ешқашан ажырамайтын біріккен екі қолдар Сүйем деген сөздер қаңырап қалды өткенде Мен сене алмадым сезімдеріміз тоқтап, біткенге
Оралайықшы өткенге мүмкін емес Келесің алдымда мүмкін болар елес Ұқсаттым өзіңді сызылған әрбір қызға Онсызда өтті өмірім, жүрек айналды мұзға
Сенің құзыретіңде мені ұмыту Ал менің міндетім өз жүрегімді өзім жылыту Қайдағы жылыту соғуын тоқтатқанда Құдай қосты деген теңімді жоғалтқанда