Мен жүрегімді ұстап келем, Ызғарлы қыста келеді. Тондырып екеумізді... Сен өзге қаладасын білем, Сені сағынады жүрек. Көңіл жылайды,жүзім күледі... Бұл шақырым өлтірді бізді, Қалдырып артында ізді, Үмітті бір жалғап, үзді... Тек жоғалмасын сенімін, Мен сені сүйгендей сүйе алады сені кім? Сен менің ғана серігім,мен сенің ғана елігің. Саған қалды аз-ақ қадамдар, Күйсін қызғаныштан адамдар. Екеумізге ғалам тар...сондықтан... Қ-сы Жаным, қашып кетейікші бірге, Қолымнан қысып ұста, жіберме. Бұл әлем шаршатты екеумізді мүлдем, Жаным, қашып кетейікші бірге...
Сен арғы қаладасың,мен бергі қалада өзім, Көп жұрттың арасынан сені іздей береді көзім. Екі қаланың күйі қосылысқа ұшырасады, Қызғаныш өртеген сайын,арада ұрыс асады. Басқаша ойлап жүрмеші,сенімсіздікке жатпайды, Қиын соғуда шақырым,дегенмен сені сатпаймын. Сенемін болашақ барын,шын сүйсең ұста қолымнан, Құдай сақтасын бізді махаббаттың қысқа жолынан Күйіп барамыз бірге,телефон жалғап тұр қазір, Алматы – Қызылорда, қашықтық жалмап тұр әзір. Күтейік бірге жазды, жібереді сол мезгіл мәз қып... Шыдаймыз шақырымға,өзгелер салмас ұрысты, Қоштасуға айналдырмайық білмей дұрысты. Сақтайық сезімді нақты,бақытпен мәрені ақтық, Алтыным бұл әлемнен, қашып кеткеніміз артық.... Қ-сы Жаным, қашып кетейікші бірге, Қолымнан қысып ұста, жіберме. Бұл әлем шаршатты екеумізді мүлдем, Жаным, қашып кетейікші бірге...
Өзгердім... сен енгелі тағдырға келіп, Жүректі жібіттің,кеудеңе алдыңда келіп. Еңдеше жарып кетпе,өмірді қалдырып мәнсіз, Өзің де куәгерсің, менің сол жақ кеудем әлсіз. Себепші болмасын өзгелер біздің айхайға, Соңғы кезде жиі, сөзге келеміз байқаймын... Екеумізді шаршатты киллометр болып артық, Алтыным,әлемнен қашып кеткеніміз артық...