Көзбен көріп,санама түйгенім көп бұл заманда, Қабырға салып аманда,айырдық жақсы жаманға. Жағадан алған адамдар жұлқынсаңда буындырады, Тамсандырған мына сені Алла берген туындылар. Тілге иек етсек тізіп жіпке наданды, Арақ,шарап,темекілер ғаламшарды жалмады. Нашаны иіскеп,сауықпен кезіп қаланы, Кәмелетке толмағандар туып жатыр баланы. Көлік көп,өлікте көп,жердің жартысы мола, Көшенің бойы жартылай шешінген қызға тола. Шаштары иыққа жеткен жігіттер жетесіз тіпті, Хы өмір осымен бітті. Жоқ,жүрек тоқтап қалары анық, Бірақ уақыт тоқтамайды оның түсі сұрға қанық. Бұрмаланып сырғанаған сыраға толып іштері, Шаңырағын шайқаған көрсетіп өзінің күштерін Қ-сы Өмір секілді алдаспан, Сынақтан сынаққа күрделеніп жалғасқан. Ақшаға жармасқан,бәрі де адасқан, Біздерді күтіп тұр адамзат арғы аспан.
Бөбектің дауысы шығады ар жақтан күлімдеген, Ата-ана баласын батыр,ал қызын гүлім деген. Кедей ауыр жүгіменен,қайғыға кетті домалап, Байлар отыр жоғарыда имансыз ісін жобалап. Неше түрлі жарнама,жаулаған ой-сананы , Қолданған өз пайдасы үшін былықтырып саланы. Дипломға емес қалтаға қарайды дәметкені көп, Иә, таныс керек жасты төк. Қабат үстіне қабат қосып соғып жатыр үйлерін, Кім түсінеді бұл күнде қарттармен жетім күйлерін? Әркім өзі үшін құрбан,мына жұрт қайтсін қалғаның, Жоюда тіпті топастар туған-туыс тармағын. Қайғымен қатар қуаныш аныққой жүретіні, Жамандыққа ұрынсаң өсекшілер күлетіні Жүрегіңді ауыртады күшіктердің үретіні, Өзін-өзін өлтіру әлсіздің бұл білетіні. Қ-сы Өмір секілді алдаспан, Сынақтан сынаққа күрделеніп жалғасқан. Ақшаға жармасқан,бәрі де адасқан, Біздерді күтіп тұр адамзат арғы аспан.
Өмір лабиринт сияқты,сияды миллион қиялы, Қияды бастарын өлімге,ал жақыны жияды. Естерін еселеп жақсылықтарға қолдансын, Ақырғы заманнан Жаратушымыз қолдасын! Әуминь!