Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

RapLady aka Aika - Өнерің көрге жүзсін | Текст песни

Өнерің көрге жүзсін!
Шиелі миды шайқап,қайта шықты,кәне тыңдағын,
Үзіліп қалады енді бастарындағы сымдарын.
RapLady атауымен,күйік болып жүрмін көздерге.
Оңайлықпен бермеймін,байқасан жеңісті өзгеге.
Өнерін көрге жүзсін,төрді меншік қылып алдым,
Сендерді атып тастайм,ащы сөзбен біліп алғын.
Ат терлетіп келдіңдер,енді мініңдер есекке
Мендей қыз мүлдем жоқ,сенбесең өзің есепте.
Жұлдыз болсаңдарда,тесікке жіберем кіргізіп,
Қасыңда жүргендерге,осыны жеткіз білгіздір.
Есіктен көрінген басын,домалайды енді көрге,
Ордадан тәтең сөйлеп тұр,балақай сөзімді бөлме.
Сынап келдің бе бақты,бағын балшыққа батады,
Ауминь деп қабылда айтылған мендік батаны.
Братаның болса да,бұзамын салынған қамалды,
Сондықтан тезірек,іздестіре бер амалды

Қ-сы
Сендерге артық па,мында репутация,
Өнерін көрге жүзсін,болады мутация.
Рэп – мемлекет,бірақ дегратация,
Өзгертіп саясатын,жасайм мен гратация.

Сен маған ренжіме,мен осындай темпті ұстаймын,
Стилімді өзгертпейм,басқасын көрсетеді just time.
Мынау қыз қандай деме,бұл қыз шығарады талқанды,
Маған емес сендерге,өзгерту керек талғамды.
Нәзік рэп іздемеңдер,таппайсыңдар бәрібір меннен,
Егер жұрт мені жаман көрсе ,онда бәрібір дерем.
Мен бәрібір келем,рэп менің тынысым білесің,
Батлға қатысқанда,басым болады ібілесім
Стоп кранды басып қал,барда бауырым асылып қал,
Флякпен төгіледі жиналған абыройын қасықтап.
Ішілер сосын қасық қан,бақша да өскен егіндер
Ұраны болсын батлдың теңі келгенде тегін бер.
Соқыр тауыққа бәрі бидай,сенбесең өзің қара,
Аты шықпаған ауылдан,мен жүрмін өзім ғана.
Шиелі жүрегі,білмесең Қызылорданың,
RapLady тірідей жейді,өйткені қызы Орданың!
Қ-сы
Сендерге артық па мында репутация,
Өнерін көрге жүзсің болады мутация
Рэп – мемлекет,бірақ дегратация,
Өзгертіп саясатын,жасайм мен гратация.

Қыздың рэп оқығаны сендерге ерсі көрінеді,
Қыздың орны асхана,ал менің асханам рэпім.
Лекция оқымаңдар,әркім өзіне қарасын,
Сен қатаң қаталдықты,тек меннен ғана табасын.
Менің өздегенім болады,өз дегенім менің болады,
Менің өздегенім болады,өз дегенім менің болады.
Жақтыртпасаң әрі ойна,орындарын қора,
Рэпте де,өмірде де болмай-ақ қойыңдар Борат.
Өнерін көрге жүзсін,замандас ойнап айтам,
Мен ойнап айтсамда,негізі ойлап айтам.
Шабытқа бойлап айтам,күлдіріп ойнап айтам,
Бетіңді тіліп айтам,ойнап айтам ,ойлап айтам.
Су көтермейді ма,жұқарған сенің сіркең,
Сіркеңе сіріңке жақтым,күтіп тұр енді күркең.
Көрді жағалап кетсін бойдағы таланттарың,
Ағып түседі енді беттегі далаптарың.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-