Шаршадым… Көзімді жұмбасамда айналам қап-қараңғы, Ұмытқан секілдімін Күн көзіне қарауды. Жауып тастағым келеді өмірде барлық тарауды, Жалауды көтерсемде,доғармайды итше талауды. Мен тұншығып барам,қол созатын адамдар қайда ?! Қасымда бәрі бар,бірақ олардан еш жоқ қой пайда. Жұлдыздар куәлік етсін,асылып қалайын айға, Бұл недеген сөзін, Айдын тоқтатсайшы жай ма ?! Мен де шаршадым,пендемін,темірден жаратылмадым, Уақытты емші дейді,мен оған қаратылмадым. Әлде ол емдеу білмейді,теңіздің түбінде таспын. Ешкімнің әлі келмейтін мен өте ауыр науқаспын. Көмек сұрайын кімнен ? Орманда терек емеспін, Жетімдер секілді мен ешкімге керек емеспін. Плейрда жанр рэп,көзде жас,қолда дәптерім, Тағдырым зіл күліп, сыбдырлайды қайғы әкелдім Қ-сы Шаршадым,бойда қалмады әлім, Менің жағдайым тек өзіме ғана мәлім. Қаптарда толы мұң,гүлдердей солымын, Қисынын қашан табам өмір атты жолымның.
Дұрыстайм,өзгергім келеді,бірақ тырыспайм, Тие беріңдер ызама… ұрыспайын. Шыдамның шегі бар,қойылсын дұрыс time, Шаршадым бәрінен,жақсы пікірлерді бұрыстайын Қарама-қарсы жүзіп үйрендім ағынға мен, Қайтейін өзгелер жаныма кеп жағынғанмен Байқалмас көп нәрселер,өнерім көп әсер бер, Бұл қыздың есі кеткен,көргендері бәсе дер. Кейде сезінем өзімді типо Бедная Лиза, Көзде көзілдірік,көмегін тіпті бермейді линза. Пайдасыз адамдар пайдаға түк аспайтын ринза, Сонда да бола берем тағдырыма менде риза Жалғанға оралып, жамылдым тон тондап көрпесін, Өлеңім от жалын денемді түгелдей өртесін. Шаршадым шыны керек,шырылдап рухым кетерсің, Мен тірі қала берем,жұрттар тіпті құздан итерсін.