Қ-сы Шұғыла өмір бізді алдады, Сен кеткелі көрінбейді жарық алдағы. Көңіл тулаған,жүрек жылама Құрбымның жанын жәнатта қылшы О,Алла!
Өмір қатыгез бұған менің көзім жетті анық, Бермейді маталарын жүректегі дертті таңып. Ашытқан жараны,тағдырдың басқа жазғаны, Менің құрбым өмірді көріп кетті ғой аз ғана. Тамыр соғысы жоқ,жүрек тоқтап қалды бірден, Біздің Шұғыла қайда арамызда ойнап күлген? - деп Тәңірден сұрасақ,неге бізге тіл қатпайды? Оның үнсіздігі көңілді езіп,таптайды Сені алып кеткен жек көремін қыс мезгілін, Жек көрем жүргізушіні сол күні сені қаққан. Жек көрем дауылды 11-іне құлақты шулатқан, Жек көрем желтоқсанды талай көздерді жылатқан. Құрбым...түсіндім достықтың мәнін, Тағдырмен күресуге жетпей баратқандай әлім Тәнім сезбейтін болды мүлдем соққыны, Жел тұрып,жаңбыр жауғанда,сенің соңғы шықты үнің... Қ-сы Шұғыла өмір бізді алдады, Сен кеткелі көрінбейді жарық алдағы. Көңіл тулаған,жүрек жылама Құрбымның жанын жәнатта қылшы О,Алла!
Есіңде ме ? екеуміздің айтқан әніміз бірге, Ұстаздар күні,мектеп сахнасы,қалап ірге. Сол кезде 1 күн ғана екеуміз дуэт болғанбыз, Сен вокалды,ал мен рэпті ұстазға орындағанбыз. Әнші балапан...алдында жоспарын көп еді, 11-ден кейін шет елде тұрып оқим деп едің. Талай сахналарда көрермен көз айымы болдың, Ал 2013-те сахнаның гүлі солды... Тағы бір әуенді жазамыз міндетті түрде, Деп қуанып жүргенде,кетеріңді кім білген? Мен бармағымды тістеп,әттең-аймен отырмын қазір, Саған деген сағыныштан осындай жырды жазып. Бәрінен бұрын анаңа ауыр тиеді жағдай, Жалғыз қызынан айырылып,сорлаған сорлы маңдай. Анаңның көзінде жаста қалмады жылай бергеннен, 1 жыл өтседағы күтеді сені келер деп. Біз сені ұмытпаймыз,сақтаймыз жүрек түбінде, Сенсіз өтуде күндер,тіпті туылған күніңде. Топырағың торқа болсын,бағыштаймыз құранды Шұғыла сенің бейнең жүректе мәңгі тұрады.