Алғашқы біздің партада, Қалам мен дәптер ұсынған. Ұстаздай артық жан бар ма?! Білім нәрін сусындап. Ла! Ла! Сүйікті ұстазым! Ла-ла! Ла Өтті ғой қыс-жазым Үлгі алып сіздерден Тура жол іздермен Рахмет сіздерге ее е..!
Ұстазыма арналар осы әуеннің жолдары, Ол кісі сондай, бәріне сәттілік жолдады. Қолдайды шәкірттерін іс түссе басымызға Ол да анамыздай қамқор болатын касымызда 6 жасымызда құшақ жайып қарсы алды Ешқашан ұмытылмас балалық шақ артта қалды Енді міне бұйырса алдымызда ұзақ жол, Ұстазымның үмітін ақтаймын, оған сенімім мол!
Қолымда қалам ұстазым деп ойып жаздым. Бұл сөзде үлкен мағына , терең ойды қаздым. Кешірім сұраймыз қателік кетсе егер бізден! Ешқандай алтын адам бола алмайды дәл сіздей!
RAQbIMZHAN:
Үмітімізді үзбей, білім шырағын жағып, Асыл рухани күшпен бұлақтың көзін ашып. Біздерге нұрын шашып, тәрбие, еңбекпен ақыл, Мен үшін ақылшы сүйікті ұстаздарым жақын!