Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

RAQbIMZHAN - ҰМЫТПА (2014) | Текст песни

Бұйырса иншаллаһ бәрі орнымен болады,
Бұйырса қолыма аппақ аққуым қонады.
Көрікті келбетің мәңгі есімде тұрады,
Менің жүрегімді махаббат сезімі орады.

Сезесің бе жүректегі сырды.
Сенің келбетің басымдағы миды ауыштырды.
\"Түсінесіңбе деймін саған арнағанның бәрін
Әрдайым келтіресің сөздерімнің әрбір сәннііін...\"

Әнім, жаным десем саған жарасады,
Менен басқа саған қаншама жігіт таласады.
Бәрі бірде бермеймін, сені жібермеймін.
Не болса да сені \"қырсық мінезді қыз\" деймін.

Мейлі, бірақ та ботақаным мұңаймашы,
Әрдайым күлімдеп жүр, әйтпесе мұң жараспайды.
Жанарыңнан сенің нұр төгілгендей болады,
Сондықтан айналайын саған көңілім толады!

Қ-сы:

Саған деген жүрек жылуын еш суытпа,
Арамыздағы сезімдерді сен ұмытпа!
Кетейікші алысқаааа, тым алысқаа,
Жүрегіміздегі сырымызды бір жола құлыптаап..

Жүректен шығып жатыр белгісіз шумақтың басы,
Сені ойлаған сайын, айналып барады басым.
Оның себебі деген: ғашықтықтың айналасы,
Әр сәтте көрген сайын жүрегіме байланасың.

Жаныма шипа болатын сенің нұрлы келбетің,
Тіпті миды емес, жалғыз жүректі тербеттің.
Сен деп өзгерді мінезім, қашан сезімді түсінесің
Сені сүйетінімді қашан қай кезде білесің?!

Көздеріңе байланып қарай берем қайта-қайта,
Жеткізгім келеді сезімді әуенмен айта.
Мен сенің жүрегіңнің тұтқынымын шыға алмайтын,
Жүрек бостандығы жоқ өзіңді сүйген айыптың.

Тамсандырасың көркіңмен ақылыңа көркің тең,
Шымшып барады жүрек, шымшып барады неліктен.
Қасыңда боламын ғой жабырқап күрсініп жүрсең,
Қысылып айтылмаған сезімді айтқызбай түсінсең..

Қ-сы:

Саған деген жүрек жылуын еш суытпа,
Арамыздағы сезімдерді сен ұмытпа!
Кетейікші алысқаааа, тым алысқаа,
Жүрегіміздегі сырымызды бір жола құлыптаап..

RAQbIMZHAN еще тексты


Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-