Ораза бұл парызың
Берік болсын ауызың
Имам айтса маңызын, илан бауырым
Сынақ өмір дәлізің
Аңдап бассын әр ізін
Кешіре сал қарызын, қиналғанның
Есік қағып тұртағы
Он екі айдың сұлтаны
Туғандай боп анадан
Тазаратын санадан, келді Рамазан
Қасиеті мол айда
Ашуланба қалайда
Ғайбат-өсек абайла, әңгімеден
Жәннәт арман талайға
Оған жету оңай ма
Шөлдегенде соны ойла, алдыменен
Есік қағып тұртағы
Он екі айдың сұлтаны
Туғандай боп анадан
Тазаратын санадан, келді Рамазан
Ашықсаңда сабыр қыл
Сауап табар шығын бұл
Маңайыңды бағындыр, шуағыңа
Оған түссе жаның бір
Шексіз сидың бәрін біл
Құрғақ кісең салып жүр, құмарыңа
Есік қағып тұртағы
Он екі айдың сұлтаны
Туғандай боп анадан
Тазаратын санадан, келді Рамазан
Ізгілерден үлгі алда
Шыдамды бұл, мұңданба
Қоңырып бір тұрғанда, күн аптада
Есеп күні туғанда
Сақтар сондай құлды Алла
Қызығыңнан құр қалма Жұмақтағы
Есік қағып тұртағы
Он екі айдың сұлтаны
Туғандай боп анадан
Тазаратын санадан, келді Рамазан
Rayyan еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2