Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Rebellion - Махаббаттың мөлдір саздары | Текст песни

Өткен күндерім
Өткен күндерім
Қайта оралмас арман құсындай
Сол бір кездерім
Әсем сөздерім
Аққу құстың ащы даусындай
Қайта оралмас
Өткен қыс пен жаз
Махаббаттың, махаббаттың мөлдір саздары

Келер күндерім
Келер күндерім
Қанат қаққан бақыт құсындай
Сенен күтерім
Үміт етерім
Жалындашы жүрек отындай
Қайда журсін сен?
Есінде ме мен?
Кездесерміз, кездеспеспіз мүмкін мәңгілік

Сағындым ғой мен
Оралмайсың сен
Жүрегімде шырқап жүрем мәңгі ән қылып

Өткен күндерім
Өткен күндерім
Қайта оралмас арман құсындай
Сол бір кездерім
Әсем сөздерім
Аққу құстың ащы даусындай
Қайта оралмас
Өткен қыс пен жаз
Махаббаттың, махаббаттың мөлдір саздары

Төгілер мәңгі
Көзден ыстық жас
Орал деген
Орал деген жүрек наздары

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-