Қыздар: - Олар біздің сырт киімімізді кигенде сондай күлкілі, сүйкімді көрінеді. - Олар біздің өздерін еш артық сөзсіз сүйгенімізді ұнатады. - Олар екі сағат жиналады да, сосын: "Көрдің бе, мен бүгін тез жиналдым" - дейді. - Олар төбелесе алмайды және біздің жанымызда өздерін үнемі қауіпсіз сезінеді. - Олар біздің өздерінің шашынан сипалағанымызды ұнатады. - Олар қинаушылық екенін біле тұра мәз болған түрімен бізді өздерімен бірге дүкен аралатуға мәжбүрлейді, - Олар бізге: "Жерге түсірші, ауырмын ғой!" - деп айтқанымен, біздің өздерін қолымызға көтеріп жүргенімізді ұнатады. - Олар айқалап ашуланған кезде біздің үнсіз тұрғанымыз олардың жынына тиеді. Кішкентай ұрысқақтар ғой))) - Олар біздің ең бірінші кездескен күнімізді ұмытпай, үнемі естерінде сақтап жүреді. - Олар ұрсысып қалғанда, 5 минуттан соң қайта айналып келгенімізді күтеді, бірақ өздері мұны ешқашан мойындамайды. - Олар үнемі біздің телефонымыздың ішін ақтарады да, қызғаныштан: "Мынау кім? Анау кім" - деп сұрап қоймайды - Олар үнемі түнге қарай бізден Смс хат күтеді. - Олар біздің ашуланып, әр жарты сағат сайын қоңырау шалуымызды қалап, құрбыларымен түнгі би кештеріне кетіп қалады. - Олар өз құрбыларына біз жайлы бәрін айтып береді. - Олар қорқынышты фильм көрген кезде үнемі көздерін жауып алады да, біздің құшағымызға тығылады. - Олар үнемі бөлмеде музыканы қатты қойып, ешкім көрмей тұрғанда тараққа қарап ән айтады. - Олар кейде тұтқаны көтермейді де, кейін естімедім немесе ұйықтап қалыппын деп айтады. - Олар шаш кептіргішсіз және шаш түзулегішсіз өмір сүре алмайды. - Олар біледі, біздің өздерінсіз өмір сүре алмайтынымызды. Рахмет оларға..