Оқылмаған Хат. Бірінші: "Бұл 45ші жылдың шулап тұрған мамыры, Үстел үстінде отырмын дүрсілдеп жүрек тамырым. Мұнда сарбаздар тілейді көрмес деп ұрпақ зəбірді, Біз сол үшін соғысамыз,бізге қиын сақтау сабыр. Тіпті əскерге бармаған, Көрмеген мылтық ұстап та, Жас жігіттер көп. Қиын қыспақта, Біз келдік Мəскеу түбіне, аз қалғанда берілуге, Қазір қарсы шабуылмен жақындадық БЕРЛИНГЕ! Қорқынышты! Оқ зулап толып ұшты. Бауырларым бірге келген көз алдымда өлім құшты, Бұл бізді əлсіретпейді, керсінше болдық күшті! Қарғыс атсын немістерді! Біз бермейміз ЖЕҢІСТІ! Мен күнде қалам алмаймын, Жау күтеміз окопта. Сарбаз қалай дамылдайды? Дəл осындай уақытта, Қазір жау қайта шабады, ал командир саспайды, "ƏКЕЛЕРІН ТАНЫТАМЫЗ!" деп бізді алға бастайды!"
Бауыржан Момышұлы(үзінді): "Біз майданда болдық, белуардан қан кештік, ЖЕҢІС үшін тер төктік. Сөйтіп оны абыроймен ақтадық... Менен артық! Менен батыр! Менен ақылды... жігіттер... өліп кеткенін көзіммен көргем!..."
Екінші: "Мен бүгін ұзақ түс көрдім, жағдайым əбден құрып Штабта қондым жараланып қалғасын, əттең, бүгін. Қалмасам тірі, қайтемін мен бұл сəттерімді!? Сол үшін мылтықтан қол босаса көп жазам қойын дəптеріме. Ештеңе етпейді, ертең-ақ тұрам, мылтықты алам да, Онсыз да ұят командир Бауыржан ағамнан. Ол кісі біздің қандас қой көздерінен от жанатын! Оның əрбір сөздеріне сарбаздар рухтанады! Біз мұнда: орыстар, қырғыздар, өзбектер, қазақтар, Бірге төзіп күресеміз бұл "соғыс" деген азапта. Елде қалған қарындас, бауыр мен аналар үшін деп, Бұл жігіттер аянбайды, салса да соңғы күшін де! Тарихта орны қалатын жоғалттық талай жандарды, Келешек құрметтеу керек жан берген "ҚАҺАРМАНДАРДЫ"! Аз қалды... Жақында біз жеңеміз! Қолдап Тəңір...