Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

[RUIDO] - Асылым.. | Текст песни

Күз келіп айналада, солуда жапырақтар,
Жүректі ауыртады, ойдағы мың сұрақтар,
Сенде оған бір жауап бар, ешқандай дауыссыз,
Мен сұрақ қойсам болды, қаласың сен үнсіз.

Жүрегім тынымсыз, ойлауда сенің бейнеңді,
Ешқандай үмітсіз, жүрегім сені сүйеді.
Жаралы жан сезеді, сөздерге сен сенбейсің,
Бұл менің ақтық шыным, айтшы жан-ым неге көнбейсің.

Махаббатымның дәлелі, тек осы өлеңдер,
Сен қымбат картинасың, мен таң қалған көрермен,
Бейнеңе бөленген, сен десе өлем мен,
Жаныма демеу табамын, тек осы өлеңнен.

Өтінем құлақ салшы бұл жүректің үніне,
24 сағат бойы ойлайды сені күніне,
Асылым бұның не,ішіңнен күлдің бе,
Тек сенің қадамыңды күтудемін бүгінде

Сезімді қабыл алшы сұраймын жалынып,
Өзіңді уайымдаумен отырмын жабығып,
Жүрегім сағынып, сөгілді бар үміт.
Тынысым сүйіктімсіз, барады тарылып

Бұл трек қайырмасыз, себебі шын жүректен,
Жыр болып төгілуде, жанымда барлық өкпем,
Жанарым жаспен төкпед, сөздерім саған жетпед,
Қалай да қайырылмайтын, жансың сен өзі неткен.

Алдымда тағы өткел, шықпады естен өткен,
Мен қашан құтыламын, жүректе ауыр жүктен,
Сезімін іште бүккен, жандарды түсінбеймін,
Жүректің қалауы ғой, сен маған керексің деймін.

Күні- түні ойлайтыным, тек өзіңе жолықсам,
Мен сен үшін жарықпын, қараңғыда қорықсаң.
Жүректе ойықтан, ойып тұрып орын алдың
Санамда мәңгілікке, менің музам болып қалдың.

Үстелімде тағы да сол, мыжылған ақ парақтарым,
Әлі толық құралмаған түсініксіз шумақтарым.
Бұл сөздермен жылатармын, ал біреуді жұбатармын,
Өткен шақтан бақыт іздеп, хаттарыңды жүз ақтардым.

[RUIDO] еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-