Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ruslan & Birzhan & Adilet - Достарыма 2015 (Жана нуска) | Текст песни

Руслан:
Бұл өлеңді кезекті достарыма арнадым,
Нұрлы сөзді ұйқастырып, қара сөзбен
жалғадым.
Кезек-кезек өлеңдерді ұйқастырып
жүргенде, байқамаппын достарыма кезек
келіп қалғанын.
Бауыр деген ол сенің өмірдегі тірегің,
Қажет болса сен үшін жұлып берер
жүрегін.
Аман болсын әрқашан бірге жүрген
достарым,
Көк тәңірден сұраған осы болсын тілегім.
Қайырмасы:
Бірге жүрген достарыма алғысымды
білдірем,
Араздықты сақта құдай осыны шын
өтінем.
Жүрегімнің тұсын ұстап алдарыңда сөз
берем,
Бауыр болып қаламыз біз таусылғанша
соңғы дем.
Біржан:
Бауырларға ұсынамын жүректегі көңілді,
Бірге өткізем достарыммен мәнді болған
өмірді.
Бірімізге-біріміз демеу болып өтейік,
"Дос" дегенде ағайын көмейден жыр
төгілді.
Тіректерім тұрған кезде маған енді жоқ
қауіп,
Мына фәни өмірде жүрмейікші тапталып.
"Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер",
Менің досым мықты деп жүрейікші
мақтанып.
Әділет:
Мұңайма сен бауырым іс түссе егер
басыңа,
Сеніменен бірге жүрген достарыңнан
жасырма.
Бұл өмірде сен үшін қамалды да қиратар,
Нағыз досың әрқашан табылады қасыңда.
Бауырларың көп болсын тұрып берер сен
үшін,
Сені қолдап өтуге жұмсайтұғын бар күшін.
"Достық-өмір бөлігі". Бұны досым сен
түсін.

Ruslan & Birzhan & Adilet еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1