Саған жетіп, шаттығым шырқалған ба? Сүйіп-құшып, мейрімім бір қанған ба? Сен ұшқырсың - қанатты сұңқардан да, Сен жүйріксің - тұяқты тұлпардан да. Ғажайыпсың, өмірдің түріндейсің Төңкерілген төбемде көгімдейсің Ойым ғана сенімен жолығатын, Ұстатпайсын, ешқашан көрінбейсің.
Қайырмасы: Арманым-ай, алдасаң алдағайсың, Мен қуайын, биікке самғағайсың Әйтеуір жапалақтай, жар басында Қапыда қолға түсіп қалмағайсың.
Сен тәттісің майдағы ақ балдан да, Сен жарқынсың күннен де, ақ таңнан да Қасымдасын түнімен көз ілмесем, Жанарымда тұрасың шаттанғанда.