Бақытымды көздеген жаным әке-анамды Сағындым жүздерін болған нұрлы, жанарлы Қос қанатым самғады сіздерлік тәрбиемен Алыста болсам да жүрмін сіздерді сағынумен. Әлі де өздеріңе әлі еркеленем Суреттеріңе тамсанып, көзді салам терең. Байқадым қай жерде жүрсем де алаңдайсыз Әкешім Маматайым жаным қалайсыз?
Қадірменді жандарым, жандарым сол қалайсыздар? Өздеріңе арналған, көңілде талай сыр бар. Әрдайым жүздеріңде қуанышты көрейін Қиналған сәттеріңде жұбанышым берейін. Төгеді бар мерейін, Әке Ана қасиет Бересің беріп келесің ұлдарыңа өсиет Ұғындым, ұядан балапаның ұшуда әне Ұшырсаң да қанаттарымды тексересің және. Әке жүрегі таудан да биік негізінде, Ана жүрегі тұңғиықты терең теңізден де Олар сыйлады, жарық өмірді жағып шырақ Әттең көбіміз, елемейміз кейде бірақ. Сәлем сіздерге, менде бәрі жақсы мама Уайымдайсың білем ғой, алаң болмашы маған. Ертеңгі күнге, бүгіннен үмітім бар Сағындым осы әнімді жүрекпен қабыл алыңдар!