Үшінші кезең. Езем дер былапыт Сөзіңменен інім қане құлақ түр Сұрапыл додаға түстің іріген ауызың Шірігендікке бой ұрса осы болар жазығың. Әр шайырдың сазы мың есерсоқтық бағытында Жалғандыққа жамыраған жүгермектің жағы тынған Саффаттың жырын ұқпас, бүлдірмегін Қазақ Рэпін Сендегі жыр мәнісі оятпады жүрек дертін... Айтыскер мына кейпің шақырмасын күлкі жұртқа Бабадан қалған жыр мирасын әркез ұлықта Тіліңе шаң жуытпа ашынған тілді болар Терең қазбаласаң санаңа салмақтылық қонар Бауыр «Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін, Адамдағы Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін...» - Сынды пікір Абайды толқытқанды заманында Саффаттың саған сыйлар сөз сарасы қаламында
Болар ақынның сөздері өткір қылыштан Жылатар шынайы дос сөздері жұбаныштан Бұл ғайып сезім сызылған бір жүйе Санаң салмақты дүниеге болсын ие 2 RET
Сын түзелмей мін түзелмейді халыққа аян Еттім баян қазірде қырам, жоям Деген жеңіл-желпі пікір қалыптасты Оян! Аш көзіңді! Бауырым сен де ойлан! Толған. Он күнәнің тоғызы тілден екен Ақиқаттың жалауын желбіреткін ұстап бекем Екен бір ақ тұтам ащы мен тұщы арасы Болмайықшы еш ақынның білімсіз бейшарасы. Тілі бардың тіріде ақысы кетпейді Құлақ ойсыз қабылдамас сөз қадірін өшпейтін Пысықтап пішпейтін жалғандардың жоқ талғамы Талғамсыз шайырсымақ неліктен көптеп барады? КазАРА отбасы НАТО ұланың бассын Ілгері алып бағытың жалғандыққа жуытпасын Бойыңда өнерің бар, әрі қарай дамыт Қолдасын шарықтаған шынайы шын шабыт.