1. Бұл басқа толқын, жайықтың жағасынан Сонау жасыл қаладан алға, жаңа қадам Жаңа сапалы рэп, құлақтарға алтын сырға Екі қала басқосу, екі мс алдарыңда.
Сен бұны күтпедің, тіптен мүлдем білмедің Не қалай?, қайдан шықты?, google-ден іздедің, Жеңілдік саған онда, босқа бас қатырма Green және MX, Орал және Атырау.
Жалпы жағдай солай, басқосқан бұл жыр, Кімге қалай, бағасын берер халқым Тақырыптың мазмұнын ашып алмай шатыстырма, Жәнеде шаршама, түсінбесең алғашқыдан.
Сонау батыстан, бүкіл Қазақстанға Тек қазақтар емес, тыңдап жүр орыстарда Мұнда орынсыз болады ұлтшыл расында, Өйткені бұл қазақша, сөйлеп тұрған құлағыңда.
Кім біледі, сол түсінеді, қалғаны көрсін ізденіп Қазақ рэптің дәмін татпағандар әсіресе, Маған керегі балық, қуырылған әрине Саған керегі, бізден бұл әлпеншек!
Қайырмасы: Бұл басқа толқын, мұның орны бөлек Басқа басқа емес, бұл қазақша рэп Бұл өте жақын, алыста емес Бұл қазақша мюзик, қазақша рэп!