Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Sagi Khalen - Откен мен Бугін | Текст песни

1.
Сонау алыс жылдардан, ғасырлардан бері
Ата-бабаларда мұра болып сақталып келді,
Ұрпақтан-ұрпаққа халық ауыз әдебиетімен
Ақынның жырлары қазірге жетті міне.

Ал қазір, бәрі басқаша,
Заман өзгерді, бәрі жаңаша, жиырма бірінші ғасыр,
Бұрынғыдай кітап, хаттарды жүрмейсің тасып
Интернет желі, үйден-ақ тетікті басып.

Мегабайттар, болса ғана жетеді,
Жүктеп алып тыңдайсың, ұнамаса себетке,
Қиын ештемесі жоқ, өте қолайлы,
Сондықтан болар рэпермін дейтіндер саны ұлғайды.

Бұл енді біреуге, өте қызықты болар,
Бірақ адамдар өз сөздеріне жауап беруді ұмытқан,
Және басқасы, атаққұмар бірі жалаң
Ал ол үшін адам жоқ бас ауыртқан.

Қалай болғанменде, менің жағдайым өзгеше,
Шынайы боп қалу, маңыздырақ мен үшін,
Сол үшін, тек соңына дейін
Тек соңына дейін, ендеше.

Қайырмасы: Өткен мен бүгін, және атар әр күн
Тарихтың қойнауында сыр шертеді ақын,
Шындықты жырлайды, жылдардан ғасырға
Оқиғасы оның, бұл біздің өмір.

2.
Көбінің атын, көбісі білмейді, бірақта
Ақынның жырлары ешқашан өлмейді,
Ал маған бәрібір, студия не үйде,
Жайықтың жағасынан құрмет пен игі.

Шынайы жандарға, сәттілің майданда
Қазақ қамын ойлап, жүрген бір аздарға
Ал қалған жалғандар ерте-кеш жоғалар,
Нағыз рэп бәрібір, өзінікін алар.

Мен қазақпын, мен ақынмын
Сондықтан айтарым бар менің халқыма,
Егер сен қазақша ұқсаң, бұл альбомды тыңда
Бұл тек басы ғана бәрі әлі алда.

Ерінбеген жемісін көреді иә түбінде,
Өмірлік шайқаста кім жеңерін уақыт көрсетер,
Қазақ деп жырлап өтем соңғы демім біткенше
Нағыз қазақ деп біліңдер қаза тапсам егерде.

Sagi Khalen еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1