Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

SAIF - Жаралы жанның әні | #KRP | Текст песни

Жаралы жүрек жырлайды жырын тағы да,
Күтумен болдым өзiңдi iздеп сағына.
Жаратқан АЛЛА шүкiрлiк етем мәңгiлiк,
Ғашықтар сырын түсiнген жанның барына.

Сөйлеген сөзiң самал жел болып ескенi,
Арналған саған алғашқы әнiм есте едi.
Сүйемiн сенi, жасырам қайтiп сезiмдi,
Өтiнем сенен сезiмiм үшiн кеш менi.

Кездерiм бар-ды,жалыққан әркез арманнан,
Мендегi сезiм тек саған ғана арналған.
Ғашық боп саған жүргенмен мына өмірде,
Өтермiз бiр күн бес күндiк мына жалғаннан.

Өзгеге емес,не үшiн саған ғашықпын,
Жайы осы екен құлай сүйген ғашықтың.
Сезiмiм үшiн кiнәлi санап өзiмдi,
Отырмын бүгiн ақ қағаздарға жазып мұң.

Қ-сы
Жанымнан сен жырақта,
сағынышпен еске алам.
Жаралы жүрек қана,
түсінер бөлек дара.

Өкініш ерді көлеңкем болып жолыма
Отырдым ұзақ көңілдіздік торында
Тереңінде жүрегімнің мұң мен жыр
Жеткізуге алдым қалам қолыма

Кезіккен күндер көңілдің салқын сызына
Күндерім көп қой жүргенім талай қысыла
Ақырын сүртіп көзімнің жасын көрсетпей
Көндірді өмір күлкімді ұрлап ығына

Бақшада жүрген балауса күндер әдемі
Балалық шақ қой өмірдің әсем әлемі
Ұйқыда жатқан балғынды ерте оятқан
Тағдырдың суық нөсерлеген жауыны

Сұраусыз неге есейтті ерте өмірім,
Сағынтты өткен көктемгі менің көңілім
Алыстамын, жақыннан жанды айырдың
Өлмесемде мұң оранып сөгілдім.

Тұңғиық екен жан сарайы көңілдің
Жақыным болған жырларым менің төгілдің,
Іздейді дауа шарқ ұрып жас жігітің
Тілегі көп қой жұдырықтай жүректің.

Қ-сы


SAIF еще тексты


Другие названия этого текста
  • SAIF - Жаралы жанның әні | #KRP (0)
  • SAIF - Жаралы жанның әні (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1