Қолымды созам, бірақ жете алмаймын, Жанымда болсаң ғой менің сен əрдайым. Демім тарылады өзіңді көрген сайын, Жоғалады уайым, аспанда толған айдай. Шуағына шомылып, сағыныштан арылып, Жылуыңды сезініп, суықтан дауыс қарылып. Сонда да əн сала беремін саған, Əттең, ол күндердің бəрі болды ғой маған арман. Жүргім келеді сені күнде шығарып салып, Нəзік үніңе күнде үңіліп, құлақ салып. Өкінішті, бұл жай ғана арманым болып қалды.
Қ-сы: (х2) Пайда жоқ өкінгеннен, Түндерім өтеді зулап. Ол жерде болған тек сен, мен, Бұрылып кеттің жылап.
Қимасым, мен сенің қымбат екенінді айтқанмын, Неге деп əн салып арбаттан жауапсыз қайтқанмын. Бақытың кім болар деп болжадың белгісіз жанды, Женілмеймін деп шаршадым, үмітсіз бəрі қалды. Білесің бе, маған досым, не жаным боп қалмадың, Жай ғана өткеннен тəтті естелік болып қалдың. Бұрынғыдай сені көргенде қобалжып қалмаймын, Ескі танысым ретінде сəлемді де салмаймын. Солға бұрылған көңілді оңға қарай бұра бастадым, Жеңілген қайықта емес, өмір атты жолдамын. Есейген бұл баланын енді ой-арманы басқа, Көздеген мақсатымда өзің жоқсың, таң қалма. Жоғалтқандар түсінсе керек, сірə, барлығын, Қыздар айтады, дос болайық сырласатын жағын. Достықта шың жоқ қой махабатқа ұласатын, Сол себепті қиылған қара көздерден қашасың.
Қ-сы: (х2) Пайда жоқ өкінгеннен, Түндерім өтеді зулап. Ол жерде болған тек сен, мен, Бұрылып кеттің жылап.
Күннің көзі, өзі суық, жылытпайды неліктен, Жанды қадағаламаппын жалғыздыққа желіккен. Бір сұрақ – «Неліктен?» Неге бізбен бұлай болды? Тағдырым, бөгемеші бақытыма барар жолды. Түсірдім ерте қолды, жеңілдім, мойындаймын, Сенің жансыз бейнеңе қарап тұрып тоя алмаймын. Сонда да оралмаймын, өткен іспен жүре алмаймын, Күлгім келеді өмір сүріп, бірақ та күле алмаймын. Кешір, айыптың бəрі менен болды, Өміріңде қалыптастың адам боп ең соңғы. Ең соңғы өзің жайлы əн өрнегі, Екеуміздін махаббат – тағдырдын ермегі. Қылышымен сермеді, екіге бөлді бізді, Мен енді танымаймын сендей адамды, мүмкін, «сізді». Бəрін бұзды қызғаныш, сенімсіздік, «Қайғы» мұхитында екеуміз ескексіз жүздік.
Қ-сы: (х3) Пайда жоқ өкінгеннен, Түндерім өтеді зулап. Ол жерде болған тек сен, мен, Бұрылып кеттің жылап.