Һэй! білемісің? бұл өнерді кәсіп қылмадым, Білмеймін неге екенін әйтеуір нәсіп болмады. Тәсіл қылмадым, өзгерттім мен бұл пікірді, Өйткені өзіңді көріп жүзіме күлкі кірді.
Ойларымды түйіндеп түсіндім бәрі текке емес, Сенімен болу үшін, өзгеден қажетсіз түкте кеңес. Боп жүрме елес, жоғалтқым келмейді сені, Сенсіз сол сәттердің тыным бермейді реңі.
Жадымнан жырақтадың, бірақ сені жоғалтпадым, Сезімге нүкте қойып еш қаруыммен жоқ атпадым. Түнде жағып шырақтарын, мазасыздық күй кешемін, Парақтарға айналдырдым мендегі бұл үй кешенін.
Елемеймін өзгесін еш тек сенсің менің мүддем, Сөз тастап, көз салмасын қаламаймын тіпті мүлдем. ''Бір-біріміз үшін жаралмадық'' деген ойменен жүргем, Бәлки сен боларсың Тәңірім табыс қылған жүлдем.
Мейрамбек Жұмаев
Қасыңдамын, кетпеймін мен ешқайда, Сенсіз білмейм санамдағы ес қайда. Әрдайым, сол жағыңнын тұсындамын, Бұл саған өзімді мәңгі ұсынғаным.
ШЭDY (Қаратай)
Екі жарты бір тұтаспыз, балақай! Сені сүйеді мына мен қатты, ШЭDY яки Қаратай. Қиындыққа қарамай, қасыңда боламын мен, Сезімімнен сусындан сен, сен үшін бұлағым кең.
Сені меннен сұрамасын, жоқ, жоқ, жоқ сұрамасын, Қалайша сұрайды олар жүрегімнін мұнарасын? Әрі жүрсін әйтпесе, мойынына қоямын тұмар асып, Сені бергемше қаным төгілсін, болса да тіпті жұлар басым.
Тіпті ешкім құмартпасын мен тірі тұрған кезде, Тырыспасын тарапыңа сөздерін тастауға лезде. Болғым келеді жезде, сіңлі-ініңе сенің, Болғаныңды қалаймын әже немерелеріме менің.
Білемін романтик емеспін негізі, сезімім бар ғой бірақ кеудеде, Шатастырмаспын болсада егізің, орынсыз әрине бұлай деугеде. Бастысы білгін, Балмұздағым! қасыңда боламын, Сүйемін сені! һәһ, арнаймын саған бұл әнін.
Мейрамбек Жұмаев
Қасыңдамын, кетпеймін мен ешқайда, Сенсіз білмейм санамдағы ес қайда. Әрдайым, сол жағыңнын тұсындамын, Бұл саған өзімді мәңгі ұсынғаным.
ШЭDY (Қаратай)
Қарасаң көзіңмен, қалықтаймын, Жүзіңе қараудан жалықпаймын. Сүйемін, иә тек сені сүйемін! Өзіңмен бұл өмірде қамықпаймын...