Shalkhar : 1куплет : Тыңдашы өтінемін қай жаққа кетіп барасың? Досыңның айтқанына мен туралы ақпаратын. Ол мені танымайды,тіпті мейлі танымасын, Сенен аулақ болсын және біздің ортада болмасын!
Көзіңді ашып қарашы,көресің ақ пен қараны, Сезімді өлтірмеші,бұзбайық шекараны... Қасыңда айта аламын бірақ сен менен қашасың( Жанымда қалшы мәңгі төлейін тіпті ақшасын.
Кетпеші жанымнан менің,жалғыздық өте қиын, Шаршадым күтуден тағдырдың беретін сиын, Білемін мені көргенде түседі көңіл-күйің Аз ғана уақытыңды бөлші мен түсіндірейін.
Гүлге толтыр келіп махаббатымның бақшасын, Нүктеңді кетірерсің қойып мәңгілік жақшасын) Сен ерекшесің ұқсамайсың мүлде өзгелерге Сөзіме құлақ салшы,мүмкін ойың өзгерерме?
Қиналып жатқан кезде келетінсің әрдайым Сенің Шакөнтайың сен үшін бәріне дайын Келемін күн сайын,құшақ толы гүлімменен. Өзіңе ән саламын жүрегімнің үніменен)